Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының бойындағы көпірдің опырылуына кімнің кінәлі екені белгілі болды. Өткелдің сапасында мін жоқ, бәріне көп мөлшерде келген су себеп екен. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгін осылай деді.
Аптаның басында Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан кенті маңындағы күре жолдың қатынасы үзілгені туралы біздің арнада репортаж шыққан болатын. Сол кезде ағын су миллиардтарға салынған өткелді шайып, кей жері опырылғандығы көрсетілген еді. Қазір көліктер Темірлан кенті арқылы айналып өтіп жатыр екен. Министр құрылыстың сапасына қадалмай, кінәні басқа жақтан іздеу керек деді.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолындағы көпірдің опырылуына кім кінәлі? (видео)
Последние статьи автора