Бәріміздікі, бірақ ешкімдікі емес

Таяуда ғана күшіне енген «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы туралы»
Заңға енгізілген толықтырулар бойынша, енді тұрғын үй күтімінің шығынынан жалтарғандар жазаларын айыппұлмен өтейтін болады. Сондай-ақ үйдің шатыры, жертөлесі мен ауласын жөндеу шығыны да тұтастай тұрғындардың мойнына жүктелді.

Тұрғын үй дәлізін, жертөлесін, сондай-ақ құлайын деп тұрған шатырын тұрғындар енді өздері жөндейді. Тек тұрғындар ғана емес, көпқабатты үйге жапсарлас салынған дәріхана, дүкен секілді қызмет көрсету орындары мен мекемелер де шығынды бірге көтереді. Яғни бұл іске жәрдемдесіп, күрделі жөндеу жұмысына араласу – енді жергілікті әкімшіліктің міндетіне кірмейді. Әрине, қалталарынан қаржы шығарғаннан кейін, жөнделген жердің күтімін де пәтер иелері өз жауапкершіліктеріне алатын болады. Бұл – толықтыру енгізілген тұрғын үй туралы заңның жаңа талабы.

ҚР Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Бейсенбинов:
 – Естеріңізге салсақ, қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қаншама аулаларымыз қалпына келтірілді. Өкінішке қарай, сол жөнделген аулаларымыздың алды баяғы сорақы қалпына қайта келуде. Сондықтан бұл жауапкершілікті тұрғындардың өз мойнына артқан дұрыс. Жаңа заң да осындай талап қойып отыр.

Сонда қалай, тұрғындар жөнделген аулаларды бұзып жатыр ма екен? Мұны тұрғындардан көргені несі? Тіпті темір де тозбай ма? Ал егер бір-екі жылда бұзылып жатса, ол жөндеу жұмыстарының сапасыздығынан шығар? Ал сол жұмысты қабылдап алған шенеунік қайда қараған?

Әрине, мұндай жаңа заң талабын тұрғындар құптай қоймайды. Әсіресе, зейнеткерлер. Олар «онсыз да зейнетақымыздан жырымдап, пәтерақымызды әупірімдеп әрең төлеп жүргенде, шатырды жөнде дегендері қай сасқаны» деп ренжіп отыр. Расында да зейнетақысы тамағына әрең жетіп отырған зейнеткерлердің ақшасына шатыр жөндейміз, аула жөндейміз деген ақылға сыймайды.

Сонымен қатар жаңа заңға сәйкес, тұрғын үй күтімі үшін төленетін шығыннан жалтаратындар жазаланады және олар айыптарын айыппұлмен өтейтін болады. Алайда осы уақытқа дейін төлемнен жалтарғандардан айыппұлды қоса өндіріп аламыз дегенге сену қиын. Өйткені заң шықты екен деп, бір теңге бермей отырған адамның екі теңге бере салуы екіталай. Бұған мамандар да күдікпен қарап отыр. Қалалық пәтер иелері кооперативі қауымдастығының басшысы «бұл жазамен жауапкершіліктен қашып жүргендерді қорқыту мүмкін емес», – дейді. Өйткені тұрғын үй шығынын уақытында төлемей, қарызға батып жүргендердің саны 100 мыңнан асып жығылатын көрінеді. Олардан ақша өндіріп алу да оңай емес.

Қара бастың қамын күйттеген мына заманда біреу үшін біреудің басы ауырып, балтыры сыздай қоймас. Бұл заңның кейбір тұсы «социалистік меншік – бәріміздің меншігіміз» дегенді еске оралтады. Ортақ меншікке көзқарас та ортақ болады. Өйткені ортақ меншік деген бәріміздікі, бірақ ешкімдікі емес. Кондоминимум нысандары да дәл солай. Сондықтан ешкімдікі болмаған соң оған ешкімнің жаны ауырмайды. Оның үстіне, көптеген үйлер бұдан 50-60 жыл бұрын салынған. Қазіргі уақытта олардың шатырлары, су құбырлары, кәріздері толығымен тозығы жеткен. Ертең-ақ бірінің шатырынан су ақса, екіншісінің құбыры жарылады. Оны жөндеуге қомақты қаржы қажет болады. Ал ондай қаржыны тұрғындардан жиып алу оңай бола қоймас. Ал тозығы жеткен үйлердің жөндеу жұмыстарын заң шығарып, халыққа итере салу қаншалықты дұрыс екен?

Алматы қаласының тұрғыны Галина:
– Міне, үш жылдан бері дәлізге темір есік, үйфон орнатуға бір дәліздегі
20 пәтер иелерінің басын қоса алмай отырмын. Бірі – зейнеткер, екіншісінің ақшасы жоқ, үшіншісінің тағы басқа сылтауы бар. Ал енді үйдің шатырын, ауланы жөндеуді тұрғындарға жүктесе, онда бәрі құрдымға кетті дей беріңіз. Есік қоюға басы қосылмай отырғандар, пәленбай мың қаржыны қажет ететін ауланы, шатырды, жертөлені ешқашан да жөндемейді. Шатырдан су ақса, ең жоғарғы қабаттағы кісінің соры. Өзінің пәтерінің төбесінен су ақпаса, басқа үшін ешкімнің басы ауырмайды. Бұған мен өз тәжірибемде көз жеткізіп отырмын.

Қалалық ПИК қауымдастығының бастығы Болат Діністанов:
– Жаңа заңның тұрғындар мен пәтер иелері кооперативі үшін жағымды тұсы – енді олар кондоминимум нысандарын өз қаржыларына рәсімдемейді. Бұл міндет әкімшіліктің мойнында. Кондоминумум нысандарын жөндеу кезінде ПИК тарапынан сол үй толығымен зерттеледі. Егер ол үйде мүгедектер, тұрмысы төмен отбасылар, зейнеткерлер тұрса, бұл жағдай ескеріліп, мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін болады. Кейбір тұрғындарда «үйлерді үкімет жөндеу керек» деген түсінік қалыптасқан. Мұндай түсініктен арылуымыз керек. Кондоминимум нысанына әрбір тұрғын «менің меншігім» деп қарауы керек. Үкіметке мойын созу дұрыс емес. Әрине, бұған елдің бәрі бірден жұмыла кетуі қиын. Сондықтан біз халық арасында түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста