Баланы дұрыс емізе білеміз бе?

Ана сүтінің құрамында жұқпалы аурулардан қорғайтын иммунды заттар болады. Ол баланың дені сау болып өсуіне тікелей ықпал етеді. Екіншіден, бала емізу — ана мен бала арасын жалғап тұратын байланыс. Жалпы, адамдар «емізудің несі қиын, сол үшін де оқудың, ақыл-кеңес алудың қажеті қанша?» деп ойлауы мүмкін. Ол – қате түсінік, бала емізудің өзіндік қиыншылықтары да бар. Дұрыс мағлұмат алу арқылы олардың алдын алуға болады. Барлық әйел заты бала емізу қасиетіне ие. Бірақ дұрыс емізудің ерекшеліктерін білмегендіктен, кейбір аналарымыз өз сәбиін керегінше емізе алмай, балалары емшектен ерте шығып жатады.
Күндіз болсын, түнде болсын, баланы қарны ашып, емшек сұраған сайын емізген жөн. Жас нәрестелер әсіресе алғашқы айлар­­да әр 1 – 3 сағат сайын емгісі келіп тұрады. Нәресте қашан және қанша уақыт емгісі келсе, сонша емізу керек. Ол емген сайын емшектегі сүт бітіп қалмайды, қай­та түзіле береді. Алғашқы айлардан кейін  бала біртіндеп әр 3 – 4 сағат сайын емуге көше бастайды. Ана сүтінің құрамы емізген кезде өзгеріп отырады. Алдымен шыққан сүттен гөрі бірнеше минуттан кейін шыға бастайтын сүт майлырақ болады. Нәресте осы майға өте мұқтаж. Сондықтан емізген­де ол алдымен бір емшекті еміп босатқаны дұрыс. Тоймаса, екінші емшекті ұсыну керек. Келесі рет емізгенде балаға соңғы рет еміп тауыспаған немесе (егер тауысқан болса) ембеген емшекті беру керек. Осы­лайша емшектің екеуін де жүйелі түрде бо­сату қажет.
Бала емізу ана үшін де өте маңызды. Өкініш­ке қарай, бүгінгі таңда кейбір жас аналар әртүрлі себептермен баланы емізбейді. Бұл өз кезегінде емшек безінің ісігіне әкеп соғуы ықтимал. Қатерлі дерттің кесірінен елімізде 2000-ға жуық отбасы қара жамылып, қаншама бала анасыз қа­лып, жарсыз ер, жетім бала атануда. Сон­дық­тан аталған дерттен сақтану үшін босанғаннан кейін емізуді бірден бастап, оны жиілетіп жалғастыру керек. Осы кезде ғана аналардың аналық без және сүт безі обырымен ауыру қаупі төмендейді. Тіпті жиі емізген кезде күтілмеген жүктіліктен де сақтануға болады. Сонымен қатар ана не ішіп-жесе, сол баласына сүтпен барады. Сондықтан емізулі баласы бар әйел әрдайым дұрыс тамақтанғаны жөн.
Ана сүті бала еме бастағанда сұйық болады. Сосын бірте-бірте қоюланып,  майлылығы арта түседі. Алғашында 90 пайызға дейін су болып келеді де, соңына таман оның майлылығы 20-25 пайызға дейін артады. Дегенмен жас сәбиге «соң­ғы» сүтті ему қиынға түседі. Кейде тіпті анасының омырауын аузына салған күйі ұйықтап кетеді де, қайта жайлап еме бастайды. Мұндайда мүмкіндігінше бала­ның өзі жібермейінше омыраудан ажырат­пау керек. Өйткені баланың өсуіне нағыз қолайлы сәт – осы!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста