Балабақша емес, шалабақша...

Соңғы жылдары еліміз­дегі үлкен қалаларда халық саны­ның күрт өсуі бірқатар әлеу­мет­тік мәселе­лердің қордала­нуына әке­ліп соқ­тыр­ды. Сон­дай мәсе­лелердің бірі – бала­бақ­ша мәсе­лесі. Балабақша мәселесінің күрделенуінің тағы бір себебі – бір кездері жекеше­лендіру деген желеу­мен балабақшалар­дың «ұста­ған­ның қолын­да, тістеген­нің аузында» кетуі.
Ұсыныс пен сұраныс – нарық заңының егіз ұғымы. Қандай да бір қызмет түріне сұраныс көбейсе, тиісінше ұсыныс та кө­бейе­ді. Ал егер сұраныс өте жоғары болса, онда ұсынып отырған қызмет түрінің сапа­сы, қауіпсіздігі кейінгі орынға жылжи бе­ре­ді. Осындай сұраныс жоғары болып отыр­ған қызмет түрлерінің бірі – мектепке дейінгі білім ошақтарының қызметі. Мысалы, Алматы қаласында балабақшалар жетіспейді. Бүгінгі таңда ресми балабақша кезегінде тұрғандар саны 15 мыңнан асып жығылады екен. Ал үмітін үзіп, кезекке тұрудан баз кешкендер санын ешкім дөп басып айта да алмайды. Міне, осыдан келіп қалада жекеменшік балабақшалар көбейіп отыр. Ал олардың қызмет сапасы мен қауіпсіздігі қай деңгейде екендігі жай­лы біздің күдігімізді прокурорлық тексеру дәлелдеп берді. Прокуратура мамандары жүргізген тексеру барысында жекеменшік балабақшаларда қарапайым ережелер мен талаптардың орындалмайтыны анық­тал­ған. Көптеген балабақша көп қабатты үйлердің пәтерлерінде орналасқан. Ал ондай балабақшаларда балалардың ойнауына арналған ойын алаңдарының бол­масы әркімге де түсінікті. Өйткені жеке­мен­шік балабақшалар бала санына шектеу қоятын заңды талаптарды орындамайды.
Отбасылық балабақша ашуға лицензия беру «Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсау­лық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі №571 бұйрығымен бекітілген (№2464 нормативтік-құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелер мен нормалар толық сақталған жағдайда және «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулы­сына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаулыға сәйкес, отбасылық балабақ­шалар санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және өрт қауіпсіздігі ережесіне жауап беретін екі-үш қабатты ғимараттарда ашылуы мүмкін.
Отбасылық балабақшаны ұйымдастыру үшін бес балаға арналған (30 шаршы метр­ден кем емес пайдалы алаң) бір бөл­ме­лі пәтер немесе тұрғын үй, тоғыз балаға ар­нал­ған (50 шаршы метрден кем емес пай­далы алаң) екі бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй, 13 балаға арналған (80 шаршы метрден кем емес пайдалы алаң) үш бөл­мелі пәтер немесе тұрғын үй пайдаланы­лады. Яғни әр балаға кем дегенде 6 шаршы метрден тиесілі алаң болуы керек. Ал пайда тапқысы келетіндер бұл талапты ескермейді.
Лицензия алар тұста кәсіпкерлер құ­жат­тарды талапқа сай етіп жасайды. Құжат бойынша бес бала қабылдаймын деген балабақша иесі рұқсат алып алған соң, бес баланың орнына 10 бала қабылдайды. Міне, осы тұстан бастап санитарлық талап­тар мен ережелер бұзылады. Балалардың ойнайтын, жүріп-тұратын алаңы азаяды. Тамақтанатын орын жетіспегендіктен, ба­ла­лар кезек күтіп, уақытында тамақ іше де алмайды.
Прокуратура мамандарының анық­тауын­ша, кейбір балабақшаларда тіпті тамақ сақтау талаптары да толықтай орын­дала бермейтін көрінеді. Осы орайда тек­серушілер дәрігерлік кабинеттің жоқтығын, қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтылмау және бар дәрі-дәрмектің мерзімі өткендігі жайлы фактілерді анықтаған.
Людмила ТӨЛЕШҚЫЗЫ, Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы:
–    Алматы қаласы бойынша үш жас­тан алты жасқа дейінгі 15,5 мың бала бала­бақша кезегінде тұр. Сондай-ақ қала бойынша 59 жекеменшік балабақ­ша жұмыс істейді. Білім басқармасы бала­бақшалардың оқу-тәрбие жұмыс­та­рына ғана жауап береді. Балабақша­лар­ды аттестациядан өткізіп тұрамыз. Егер кем­шіліктер анықталып жатса, ол жай­лы коллегияға хат жолдаймыз. Ал санитарлық және басқа да талаптарды құзырлы мекемелер бақылап отырады. Лицензия берер алдында балабақша­ның талаптар мен ережелерге сәйкестігі тексеріледі. Содан соң біз қорытынды шығарамыз. Ал лицензияны қорытын­дыға сәйкес Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы береді.
Сұраныстың жоғары болуы ата-ана­лар­дың баласын кімнің қолына сеніп тап­сы­рып отырғанын тексеріп, білуге мұрсат бермейді. Мәселен, Көкшетау қаласындағы бір жекеменшік балабақша тәрбиешісінің есірткіге тәуелді болып, ал отағасының сол пәтерде есірткі сатумен айналысқанын жоғарыда айтқанымыздың дәлелі ретінде келтіруге болар.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді атам қазақ. Демек, ел боламыз десек, мы­на заманда қоғамның бесігі болып отырған балабақшамызды түзеуіміз қажет. Балабақ­шаны тәрбиенің, білімнің бастауына айналдыру жолында мемлекет күш-жігерін де, қаржысын да аямауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста