«Ата-бабаның қарғысын кармамен тазалаймыз»: Айгүл Елшібаева Құралай ханымның «ит терісін басына қаптады» (ВИДЕО)

Бердияр Қари "Әбжат" ілімімен есептеп жасап берген дұға-сүрелер дәптерін "таза жолмен жолың ашылсын" деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар?

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева психолог ретінде көпшілікке танылған Құралай Ошақбаеваны өзіне берілген емді елге таратып, ақша жасап отырғаны үшін кінәлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram әлеуметтік желісі арқылы пікір жазушылардың бірі тікелей эфирге кірген Айгүл Елшібаеваның ашуына тиіп алды. Эфир барысында ұққанымыз, жыршы осыған дейін оқыған психологтар қолданбайтын аффирмацияны әр жерге тықпалай беретін "психологсымақтарды" сынап тастаған болу керек. Сонымен қатар ол халықты қазіргі өзге дінді насихаттап жүрген "ақшакеміргіштерге" емес, Аллаға ғана сенуге шақырды.

Осы орайда елді адастырып, "Қасида", "Әбжат" ілімдерін өздері білмей жұртты 40 күн оқуға шақырып жүргендерді абай болуға шақырды және армандар картасын "оттаған нәрсеге" теңеді. Теріс ағым жынның қасынан табылуына сеп болатынын ескертті.

Тікелей эфирден соң, парақшасына жазба қалдырған Айгүл Елшібаева эфирде айтылған әңгімелердің тікелей кімге бағытталғанын ашық айтып, "Құралай ханым" деген атпен танылған психологтың "бетін ашты".

"Құралай ханым деп өзіне ат қойған психологтың өзіне ғана жасалатын абжат туралы ақиқатын тыңдаңдар, қатын -қалаштар. Бердияр Қари "Әбжат" ілімімен есептеп жасап берген дұға-сүрелер дәптерін "таза жолмен жолың ашылсын" деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар?

Абжатты жеке адамдарға жасалатын дәптер екенін біле тұра, ақылы сабақтарында "40-күн дұға оқимыз" деп елді алдағаны не сұмдық? Менде кегі бар қалаштар, бұл дұғалар сендерге жарамайды. Әбжатта әр адамға жеке-жеке дәптерде, құран сүрелері жасалады екен. Құралай ханымның ақылы сабақтарында, инстаұстазы Правдинаның еңбектерінен аударған өзімшығардым дейтін 6-жұлдыздық үшбұрыш еврейлердің массондық белгісі, ақша шақыратын кашалёгі, барлығы да будда дінінен тараған Фэншуй, эзотерика, мантра, кармадан қосып, Еврей, будда дінінен қосылған быламықты мұсылмандарға үйрететінін білмесеңдер сұраңдар, дін мамандары мен психологтан.Алла құранда, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с ғ с) мантра , фэншуйды, білмеп па? Пайғамбарымыз бәрін жазып кетті ғой, көздеріңді ашыңдар.Алла сендерді тура жолдан тайдырмасын!

Алланың құдіретінен, гипноз жынның уәсуәсі керемет пе? Құралай сабақтарыңда ата-бабаның қарғысын кармамен тазалаймыз, ата-бабаның қарғысын иіліп өз жұртыңа, қайын жұртыңа, нағашы жұртыңа 40-кун сәлем етіп кетіреміз деген теріс сабақтарыңмен елдің миын ашытпа.Қазақ дәстүрінде келін қайын жұртына ғана сәлем салған.

Өзіңмен отырыста әйел матка болып отырсын, куйеу тапсын дегеніңде, ол ақылыңды миллионерлердің қатындарына айт деп ескерткенмін. Бір жалақымен отбасын күйеуің асыраса, сен желпілдеп неге қаладан-қалаға кездесу ұйымдастырып жүрсің? Парақшаңда мендей болып алсын дегеніңе айтарым, сен менің үкімет берген атағым мен шет елге қазақ өнерін танытқан марапатқа жетсең, жарылып кететін шығарсың? "Алты асқанға- бір тосқан" деген. Елге теріс уағызыңды үйреткеніңді қой. Өзіңнен зорлар шықса келмес шамаң деген.

Құралай әліңді, құмырсқа жолыңды біл дегім келеді Кеше сенің тыңшы оқырмандарың эфирда ашуыма тигесін, ата-бабамыздың ақ жолынан айтып бердім. Инстаграмның тікелей эфирде сақтаулы тұр, қараңдар, қатындар емес сөз ұқпаған қалаштар!", - деп ашулы жазба қалдырды парақшасына.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста