Астана құрдастарының арманы – Астананы өркендету!

Астанаға келіп-кетіп жүрген адамдардың барлығы елорданы іскер  қалалардың қатарына жатқызады. Неге? Себебі бұл жерде саяси-экономикалық маңызы бар жиындар жиі өткізіліп тұрады. Мұндағы мәжіліс залдарының «атмосферасы» да сондай көңіл күйге жетелейтін сияқты. Алайда жақында осы іспетті залдардың бірінде өткен «Астана қала құрдастарының көзімен» атты форум бұл «атмосфераны» бұзып, айналаны балалардың шат-шадыман күлкісіне толтырды.
Бұл форум – «ҚазТрансГаз» компания­сының тағы бір игі шарасы. Осы жолы елі­міз­дің газ саласында жұмыс істейтін қыз­меткерлердің 250 баласы, олардың ішінде – Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Қызылорда және Қостанайдан келген елорданың құрдастары қаланы бірнеше күн бойы аралап, өздерімен қатар Астананың он бес жылда қалай өзгер­генін байқап көрді. Ол үшін «ҚазТрансГаздың»  өкілдері, ең алдымен, балалардың барлы­ғын вокзалдан қарсы алып, қонақүйлердің біріне орналастырды. Сол жерде Қа­зақ­стан­ның түкпір-түкпірінен келген жасөспі­рімдер әлденіп алған соң, арнайы ойынға қатысып, бір-бірімен танысып шықты. Ол уақыттың ішінде экскурсиялық автобус та келіп жетті. Осы кезде балалардың барлы­ғы топырлап, автобусқа мінді. Олардың көбісі елордаға бірінші рет келіп отыр. Содан болар, жүздері бал-бұл жайнап, қа­ланың көрікті жерлерін көргенше асықты. Экскурсия Тәуелсіздік даңғылынан бастал­ды. Себебі оның бойында Қазақ елі мону­менті мен Тәуелсіздік сарайы орналасқан. Жол бойы балалар терезеден көз алмады. Барлығы «ананы қара, мынаны қара» деп бірде автобустың оң жағына, бірде сол жа­ғына ауысып отырумен болды. Ал Тәуел­сіздік алаңына аяқ басқан соң, біразға дейін кеткісі келмеді. Өйткені ол жерде еркіндіктің лебі ерекше сезіледі. Балалар жақын тұрған Әзірет Сұлтан мешітіне де кіріп шыққанды жөн көрді. Осыдан кейін Астананың құрдастары екі-үш күннің ішін­де Тұңғыш Президент мұражайы, «Думан» ойын-сауық орталығы, Мәңгілік ел қақпа­сы, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені және тағы басқа қаланың көрікті жерлерін аралап, биіктігі жүз метрден асатын Мем­ле­кеттік Тудың алдында еліміздің Әнұранын шырқады.
Астана-Бәйтерек монументі алдында өткен іс-шаралар да балалардың есінде мәңгі сақталатын шығар. Олар Бәйтеректің басына шығып, өз қолтаңбаларын қалдыр­ды. Ал далада флеш-моб ұйымдастырып, бір кісідей «Қаражорғаны» билеп шықты. 250 баланы «Барыстар», «Сұңқарлар», «Арландар» және «Тұлпарлар» деп төрт топ­қа бөлудің де өзіндік сыры болды. Аста­нада өткізген екі-үш күннің ішінде балалар барлық шараларға жарыса қатысып, бір-бірімен қимастай дос болып кетті. Әрбір топтың өзінің ұраны да болды.
Дәурен НИЯЗОВ, «Сұңқарлар» тобының мүшесі:
– Сұңқардай самғайтын, қанаттары талмайтын, ағаларды қолдайтын біз – жалынды жастармыз! Осы сапардан кейін мен бұл ұранды ешқашан ұмыт­пайтын шығармын. «Астана қала құр­дастарының көзімен» форумның қаты­сушысы ретінде Астанаға алғаш рет келіп, қаланың әдемі жерлерін көріп шықтым. Ал, ең бастысы, бұл сапарда мен біраз балалармен танысып, дос болдым. Ол үшін «ҚазТрансГаз» компа­ниясына үлкен рақметімді айтамын. Бүгінде елордаға келу әрбір баланың арманы ғой. Астана мені үлкен арман­дарға жетелейді деп білемін.

Тоғжан МЫРЗАХАН, «Арландар» тобының мүшесі:  
– Бұл күндер мен үшін өте қызықты өтті. Қаншама жерлерге барып, біраз іс-шараларға қатыстық. Неше түрлі сыйлықтар берді. Ол үшін алғысымыз зор. Бұл – менің елордаға алғаш рет келуім. Маған қатты ұнады. Бәйтерекке барып, қол қойғанымызды ұмытпай­мын. Көп балалармен таныстым. Біздің ұранымыз –  достарменен біргеміз, бе­рік біздің іргеміз, топтың аты – Арлан­дар, болашаққа сенеміз! Осы сапардан кейін архитектор боламын деп шештім. Астанаға келіп, қаланың сәулетіне өз үлесімді қоссам деймін. 

Иә, «ҚазТрансГаз» компаниясының көз­дегені де осы болды. Балаларды Астанаға әкеліп қыдырту, оларға сыйлықтар тарату – мұның барлығы тек себеп қана. Оның арты үлкен достыққа, мызғымас әріптес­тікке ұласатыны хақ. Жастардың бірлігі осыдан басталмай ма? Ал бұл бірліктің негізінде біраз жетістіктерге жетуге болады.
Серік СҰЛТАНҒАЛИ, «ҚазТрансГаз» компаниясының бас директоры:
– Бұл балалар – елорданың құрдас­та­ры ғана емес, Тәуелсіздіктің ұл-қызда­ры. Олар бүгіннен бастап өзде­ріне жүк­телетін мақсат-міндеттердің ма­ңыз­дылығын түсінулері тиіс. Қазақ­с­т­анның болашағы – солардың қолын­да. Мен ойлаймын, «Астана қала құр­дас­­тарының көзімен» форумы бала­ларға рух беріп, биік белестерге жетелейді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста