Әскери білім беруді қалай дамытамыз?

Бүгінде әлем елдері сан алуан әскери-қорғаныс техникасымен мақтанып жатқан кезде, еріксіз қазақ жерінің тұтастығы мен ел тыныштығын ойлайсың. Әлбетте, бізде де әскери техника бар. Алайда кәсіби мамандар жетіспейді. Себебі әскери білім беру жүйесі бір жолға қойылмаған. Осының бәрі Астанада өткен «Әскери білім берудің бүгінгі жай-күйі және даму болашағы» тақырыбындағы I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кеңінен талқыға салынды.

«Елім, жерім!» дейтін курсанттарды анықтай білу керек
Шыны керек, соңғы 20 жылдың ішінде еліміздегі әскери білім беру саласында сан алуан өзгерістер болды. Әрбір министрдің келуімен барлық жұмыстар жаңаша атқа­ры­лып, әскери маман даярлаудың әдіс-тәсілдері мың құбылып тұрды. Алысқа бар­май-ақ қояйық, Мұхтар Алтынбаевтың     12 жылдық қызметі кезінде әскери кафед­ра­лардың барлығы өз түлектеріне «Запас­та­ғы лейтенант» шенін беріп тұрды. Даниал Ахметов келіп, ол жүйенің «шикілігін» тап­ты. «Жоғары оқу орындары жанындағы әске­ри кафедралардың білім беру деңгейі лейтенантқа сай келмейді», – деді ми­нистр­­лік. Соның нәтижесінде, барлық әскери кафедралар сержанттарды дайын­дауға көшті. Ал Әділбек Жақсыбековтің келуі­мен «запастағы лейтенанттың» қайта оралғанын жақсы білеміз. Міне, осы іспетті саяси өзгерістердің Қазақстандағы әскери білім беру жүйесіне кері ықпалын тигізбесе де, оң әсер еткен жоқ. Бізде сонау 90-жыл­дар­дан бері АҚШ, Ресей, Түркия сияқты шетелдерде әскери мамандарды даярлау тәжірибесі әлі күнге дейін бар. Ол мем­ле­кет­тер болса, офицерлерді өзге елде емес, өз жерінде оқытады. Онымен әскери білім беру жүйесін барынша жетілдіруге тыры­са­ды.
Игорь СОБОЛЕВСКИЙ, Беларусьтың ұлт­тық техникалық университеті Әскери-тех­ни­калық факультетінің оқу-әдістемелік бөлім бастығының орынбасары:
– Алдымен білім беру жүйесін бір жолға қойып алған дұрыс. Содан кейін оның сапасын көтерген жөн. Мәселен, біз курсанттарды оқытып қана қоймай, оларға дәріс беретін офицерлердің біліктілігін көтеру мәселесіне де ерекше көңіл бөлеміз. Әскери кафедраға келе­тін офицердің практикалық тәжірибесі мол. Оған дау жоқ. Алайда осы әскери тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу үшін педагогикалық дайындық болуы тиіс. Сол себепті бізде кафедра оқы­ту­шы­ларын педагог-психолог ретінде дайын­даудың бірыңғай жүйесі қолға алынды. Ал дарынды жастардың әскери жолын ашу үшін оларға магистратура мен аспирантураға түсуге көмектесеміз. Оларға барлық жағдай жасалады. Өйткені ондай курсанттардың бойында өз Отанын қорғауға деген үлкен ұмты­лыс болады.

Қазақстанның әскери білім беру жүйесін жетілдіруге болады
Бүгінде Қазақстандағы әскери білім беру жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар бар. Алайда қорғаныс министр­лігі онымен келісіп отырған жоқ. Себебі соның нәтижесінде біраз кадрлық өзге­ріс­тер болуы әбден мүмкін. Мәселен, тарих ғылымының докторы, полковник Мұхтар Серікбаев еліміздегі әскери білім мен ғы­лымды басқару жүйесін түбегейлі өзгерту қажет деп санайды. «Ұлттық қорғаныс уни­верситетін Астанаға көшіргеннен кейін әске­ри білім беру саласындағы оқу-әдісте­ме­лік жұмыстың сапасын көтеру мақ­са­тында Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери білім беру және ғылым депар­та­ментінің құзыретін Ұлттық қорғаныс уни­вер­ситетіне беріп, оған барлық әскери білім беру ошақтарын бағындыру қажет. Онымен біз бірыңғай оқу-әдістемелік, идео­логиялық әрі тәрбие беру ортасын қа­лып­тастыра аламыз. Университет жанынан әкімшілік басқару, оқу-әдістемелік және идеологиялық тәрбие беру орталықтарын құрып, әскери стратегиялық зерттеулер инс­титутын, сондай-ақ әскери ғылымдар академиясын қоғамдық ұйым ретінде ашқан дұрыс. Ал департамент қыз­мет­кер­лері университет аппаратын күшейтсе бо­ла­ды. Осының нәтижесінде әскери сала­дағы мық­ты ғылыми, күшті инно­вациялық саясат­тың негізгі міндеттерін орындау жұмысына бағыттауға болады», – дейді М.Серікбаев. Алайда оның бұл ұсыныс­та­рын іске асыру қиынға соғатын сыңайлы. Себебі министрлік құрамындағы бір депар­таментті жабу оңай шаруа емес. «Мен еліміздің әскери білім беру жүйесін өзгертуге қатысты осы ұсыныстарымның барлығын бір жылдан бері жасап келемін. Әскери ғалымдардың көбісі қолдап отыр. Бірақ жоғары жақтан нақты шаралар қолға алынбайды», – деп налиды полковник М.Серікбаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста