Алла сәтін салса, Италия, Шотландия, Польша, Қытай, Түркия, Германия, Израиль, Украина, Белоруссия, Грекия, Ресей мемлекеттерінен келген мүсіншілер бір ай көлемінде тастан мүсін қашайтын болады. Өскемен қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Қалалық кеңістіктегі мүсін» атты симпозиумға қатысуға 17 мүсінші тілек білдірген көрінеді. Әзірге келгені – 11.
Мүсіншілерге қойылар талап – біреу. Әрқайсысына 1,5x2,5 көлеміндегі гранит тасы беріледі. Одан арғы шаруа өз қолдарында.
Айшылық алыс жерлерден ат сабылтып келген мүсіншілерге берілер сыйлық та қомақты. Бірінші орынға – 1,5 миллион теңге, екінші орынға – 750 мың теңге, үшінші орынға – 450 мың теңге.
Айта кетейік, шебер мүсіншілердің тастан қашалған туындыларының барлығы шаһарда қалатын болады. Яғни қала көшелеріне орналастырылады.
Сашейла ГОРДОН, Шотландия мүсіншісі:
– Мен алдағы жұмысымда шотландық және қазақстандық үлгіні біріктіре отырып, жаңа бір туындыны өмірге әкелсем бе деген ойдамын. Әрине, оның оңайға соқпасы да белгілі. Бірақ тәуекелге бел байлап отырмын. Өскеменге келіп, симпозиумға қатысып жатқаныма бек қуаныштымын. Жалпы, сіздердің елдеріңіз маған өте ұнады.
Әлемнің үздік мүсіншілері – Өскеменде
Последние статьи автора