Ағаш егудің де амалы бар

Егер шетелдік тәжірибеге сүйенсек, өзінің тік қалпынан 10-15 градусқа ауытқыған ағашты кесіп тастау керек. Ал сіз көше кезіп келе жатып мән беріп қарасаңыз, жол бойының екі жағын ала өскен ағаштардың бірінен-бірі өткен қисықтығын байқайсыз. «Гүл өсірудің мәдениеті әлі бізде қалыптаспаған» деп шырыл қағатын Гөзел Құлжабаеваның сөзінің жаны бар. Мүмкін, сол мәдениет биігіне жетпегеннен кейін де болар, қай көшенің бойына шыға келсек те, жамбастай түскен ағаштардан көзіміз сүрінетіні.

Ағаш егудің заңдылығы сақталмайды
Маман пікіріне сүйенсек, жалпы көше бойына отырғызылатын ағаштардың ара қашықтығы оның диаметріне сәйкес бо­луы тиіс. Мәселен, тік өсетін теректің ара қа­шықтығы 2-3 метр болса жеткілікті, ал қа­рағай бір-бірі­­нен 6-7 метр ара­лықта отырғы­зы­луы қа­жет. Ал біз­дегі «тә­­жі­­рибе» бойын­­ша, отыр­­­ғы­зылатын тал­­дар­­дың ара­сы өте жақын, сон­­дай-ақ қара­ғаш­­­­тың тү­­біне шыр­­­­ша да егіле бе­­­­ре­ді. Мұ­­ның үл­­­­­­кен қа­те­­­­лік екен­­­­­­­­­ді­гін еш­­­кім де се­­зіп-біліп жат­­­қан жоқ. Ағаш­­тың тү­­бінде күн көр­меген шыр­­­­ша қай­­­тіп өс­пек? Сол сияқ­ты бір шыршаның өзі әзер сиятын алаң­ға 5-6 шыр­ша топ­тас­ты­­ры­лып егіле са­ла­ды.
Тағы бір айта кететін жайт – Қытай се­кіл­ді елдерде ағаштар белгілі бір ыдыс­тарда тамырландырылып барып, топы­рақ­қа түседі. Мұндай үрдіс Орталық Азия ел­деріне әлі күнге жетпеген. Қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстаннан ар­найы ағаштар алдырып, егіп жатамыз. Бі­рақ солардың ішінен ертеңгі күні жемісін кө­ретініміз некен-саяқ болып тұр. Егер өсім­діктерді тамырландыру арқылы егетін бол­сақ, ол ағаш су құйылмай, қараусыз қал­ған күннің өзінде де тіршілігін жоя қой­майды. Мәселен, 100 ағашты тамыр­лан­дыру арқылы егетін болсақ, оның 4-5 талы ғана шығын беруі мүмкін. Ал топы­рақ­тан ала салып, тамырды жалаңаш қал­пында отырғызу нәтижесінде сол ағаш­тың 20-30 пайызы далаға кетеді. Осы орай­да бір шыршаның құны 30-40 мың екен­дігін ескерсек, қаншама ақшаның бос­қа шашылып жатқанын бағамдау қиын емес. Яғни біз ағаш отырғызудың заң­ды­лығын сақтап отырғанымыз жоқ. Бұл рес­пуб­ли­ка­мыздың қай түкпіріне болса да тән қасиет.
Көгалдандыру жұмысымен айналысатындар – мамандар емес
Сондай-ақ мектеп ауласында қазір көп жағдайда көктерек пен қарағаш өсіріледі. Бұлардың балалар үшін пайдасы жоқ. Өйткені оқушылар қыркүйек пен мамыр айлары аралығында оқитынын ескерсек, олар демалысқа кеткенде ғана жапырақ жаятын ағаштардың қызығын балалар көрмейді. Сондықтан мектеп ауласына тек күзде, ерте көктемде гүлдейтін болмаса қысы-жазы жасыл болып тұратын: арша, шырша, бозарша, сирень, форзиция, хризантема, бақыт гүлі сияқты өсімдіктерді еккен абзал.
Мұның бәрін тәптіштеп айтып жат­қа­нымыз – өзгелерге сабақ болсын деген ті­лек. Ал қайткенде көгалдандыру сала­сын да­­мы­тамыз? Бұл сұраққа біздің кейіп­ке­рі­міз Гөзел апай бүлдіршінге оны бала­бақ­­ша­дан үйрету қажеттігін айтады. «Шет ел­де «үш жасар бала үш гүлдің атауын бі­луі тиіс» деген қағида қалыптасқан. Бұл еш­­қа­шан да баланың санасына салмақ тү­­­­сірмейді. Сондай-ақ әрбір мектепте бо­­­та­­ника бағы жасалуы керек» дейді ол. Егер әр адам ағаштың, гүлдің атауын біліп өс­­­­кен­де ғана гүл мәдениетінің дамитыны дау­­­сыз.

Гөзел Құлжабаева, гүл өсіру маманы:
– Қаланы көгалдандырумен айналысатындар ағаштарды қа­лай отырғызғанда көзге әдемі көрінетінін жете түсіне бермейді. Яғни дизайн дегеннен жұрдай. Олардың жасаған дизайнының кө­рінісі – Алматыдағы Абай көшесінің бойында төртбұрышты це­мент­тің ортасына егілген гүлдер секілді. Ол да болса, неге екені бел­гісіз, бір жылдық гүлдерден ғана отырғызылып, жаз ортасына жет­пей бәрінің қурап, солып жатқаны. Әдемілік емес, сұмпайылық сый­лап тұрады. Жалпы, тағы да сол шетелдік тәжірибеге жүгінсек, жол­дың екі бойындағы көгалдандыру шаралары мүмкіндігінше сим­метриялық тұрғыда болуы тиіс. Сосын ескеретін нәрсе – белгілі бір тәртіппен көшенің бір бөлігіне қарағай, одан кейінгі бөлігіне қара­ғаш сияқты талдарды рет-ретімен еккен жөн. Ал шыршаны жол бойына егудің қажеттілігі шамалы. Оның орны – түрлі бақтар мен ашық алаңқайлар.

Ұсыныс
Кішкентай ғана Англияның (аума­ғы жағынан салыстырмалы түрде ай­ты­лып отыр – А.С.) өзінде 6000 жекеменшік бақ бар екен. Олардың кейбірін бір күнде аралап қарап шы­ғу­дың өзі мүмкін емес екен. Оған уақы­ты­ңыз жетпейтін көрінеді. Ал бізде ше? Шетелге қарағанда, әлдеқайда кемшін түсеміз. Бір ғана Ботаника ба­ғы бар. Оның да болса ішінде ауыз тол­ты­рып айта қоярлық ештеңе жоқ. Осы орайда «Бір-бірімен бақталастық ту­дырып, дамыту үшін жекеменшік бақ­тарға даладан да, қаладан да орын берілу керек.

Түйін сөз
Қытайда бір ағаштың өзін егу үшін ол кәдімгідей жоспар арқылы жүзеге асады екен. Ал бізде қалай болса, солай егілгеннің арқасында жөн-жосықсыз өс­кен ағаштарды кесудің өзі қиындық тудырып жататыны рас. Яғни жол бойында қи­сайып, апатты жағдайда тұрған талды қырқудың өзіне рұқсат сұрайсыз. Со­сын оған пәленбай қаржы бөлінеді...
Қаржы демекші, жалпы көгалдандыру жұмысымен айналысатындар еліміз­де аз болғандықтан, олардың қызметі жоғары бағаланады. Тек барып, кеңес бер­ге­нінің өзі 100 доллардан жоғары. Осы орайда өсімдік атаулыға жаны жа­қын адамдарды оқытып, тоқытып әжетімізге жаратуға әбден болар еді-ау. Әйт­пе­се не халқының мінез-құлқынан, не дәстүрі мен салтынан хабарсыз сырттан кел­ген қонақтардың ең алдымен көзіне түсетіні көшеміздің көркі емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста