Абай облысындағы өртті ауыздықтауға болатын бастапқы сәтті неге жіберіп алған: Роман Скляр жауап берді

Абай облысындағы өртті ауыздықтауға болатын бастапқы сәтті неге жіберіп алған: Роман Скляр жауап берді

Абай облысында 14 адамның өмірін қиған орман өртін ауыздықтауға болатын бастапқы сәтті неге жіберіп алған? Бұл сұраққа бүгін үкімет кулуарларында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл жерде жағдайды бағаламағаны анық. Өрт өте тез таралғандықтан осындай жағдай орын алды. Ауа райы да кедергі болды, ауа температурасы +38 градус, ал екпінді жел секундына 25 метрге дейін соқты. Өрт тым тез тарады. "Қазғарыш" штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл жағдай ТЖМ ахуалдық орталығында көрсетілген, өрт басталғаны туралы Орман шаруашылығына да белгілі болған кезде штабты сол жерде өткіздік. Бірақ қайталап айтам, өкінішке қарай, жағдай лайықты деңгейде бағаланбады, өрттің тарайтын ықтимал ауқымы да бағаланбаған. Бұл анық. Адам өліміне келетін болсақ, ол қорқынышты. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр, бізге толық жауап береді. Бұл жағдай біздің өртті ауыздықтауға болатын бастапқы сәтті жіберіп алғанымызды көрсетеді", - деп жауап берді Скляр. Склярға "Өрттің енді басталған сәтін жіберіп алғаны үшін басқа шенеуніктер сияқты жауапкершілікті сезінесіз бе?" деген сұрақ қойылды. "Әрине, мен өзім бақылайтын барлық сала үшін жауаптымын", - деп жауап берді ол. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста