«ТАССАЙ ҚҰС» ЖШС ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА

«ТАССАЙ ҚҰС» ЖШС ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында жұмысы қарқын алған кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

 

Шаһар басшысы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС-не барды.

 

Биыл шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адам жұмыспен қамтып отыр.

 

 

Жоба құны – 250 млн теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Келесі жылдың қаңтарынан бастап өнімділікті 50 млнға жеткізуді жоспарлауда.

 

Аталған өндіріс германиялық HELMANN  POULTRY GMBH CO.KG технологиясы бойынша жұмыс істейді. Құс шаруашылығына маманданған кәсіпорынға 2020 жылы 29,7 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген.

 

2021 жылы 37,7 млн теңге қолдау көрсету жоспарлануда. Мұндай өндіріс орындарын қолдау, нарықтық бағаны тұрақтандыруда маңызды қадам болып табылады.

 

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 1000 БАС ЖЫЛҚЫ БОРДАҚЫЛАУДА

 

Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында  орналасқан «Алтынсай» шаруа қожалығы биыл 3 тоқсанда жұмысын бастады. Инвестордың өз қаражаты есебінен іске қосылған кәсіпкерлік нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

Қала әкімі жылқы және ірі қара бордақылауға маманданған өндірістің жұмыс барысын аралап көрді. Жоба құны – 770 млн теңге. 5 га аумақта орналасқан шаруа қожалық жылына 1000 бас жылқы бордақылауға қауқарлы.

 

Аталған кәсіпкерге 84  млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. Нәтижесінде ішкі нарық  жылқы етімен қамтамасыз етілуде.

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста