Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында жылда жастар кәсіптік даярлық курсынан өтеді

Елімізде полицейлер қатары толықты. 352 болашақ тәртіп сақшысы кәсіптік даярлық курсынан өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы түлектеріне салтанатты жағдайда сертификаттар табысталып, үздік бітірушілер арнайы марапатталды. Айналасы үш айда түлектер не үйренді? Жас мамандардың жұмыспен қамтылуы қалай шешіледі?

 

Еліміздің әр аймағынан келген бұл қыз-жігіттер полиция құрамын толықтырды. Барлығы да Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында үш айлық даярлық курсынан өтті. Жас мамандар бұл аралықта 12 пән бойынша білім алыпты. Саптық даярлықтан бастап, заңгерлікті, криминалистиканы оқып, жауынгерлік күрестерде шыңдалды. Іс жүргізу дағдыларын меңгеріп, білген-түйгендерін тәжірибеде сынап көрді. Қиындығы көп, қауіптілігі зор салаға қыздардың қызығушылығы да артып келеді.

Гүлайым Қанай,жас маман  00/07-23 «Заңымыздың үстемдік құруына, оның орындалуын қадағалауына өз үлесімді қосамын... »

Елімізде соңғы кездері тәртіп сақшыларының жетіспеушілігі байқалып отыр. Кадр тапшылығы әсіресе, жылдан-жылға халық саны артып келе жатқан ірі мегаполистерде байқалады екен.  Шымкенттегі ІІМ қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына жылда  еліміздің әр өңірінен келген жастар кәсіптік даярлық курсынан өтеді. Жас мамандарды жұмыспен қамту шаралары министрліктің тікелей назарында.

Сұлтан Көшербеков, Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бөлім бастығы: 1/30-2/15 жергілікті-патрульдік полиция , учаскелік полиция... құрамына жұмысқа орналасады....

Сертификаттарды табыстау салтанатты шарасы патириоттық әндерге ұласты. Сала басшылары мен ардагерлер жас мамандарды саладағы алғашқы белестерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.  

 

М.Рысбаева

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста