ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз отырысы барысында мәлімдеді.

 

Күннен күнге науқастар санының кеміп келе жатқанын тілге тиек еткен Шымкенттің бас дәрігері оқушылар мен жүкті әйелдерге салынып жатқан Pfizer екпесі жөнінде де кеңінен сөз қозғады.

 

 

Америкада өндірілген Pfizer вакцинасын екі күннің ішінде 395 адам қабылдап үлгеріпті. Оның басым бөлігі оқушылар. Арасында өзінің 15 жастағы қызына вирусқа қарсы вакцина салдырған Шымкенттің бас дәрігері екпеден кейін ешқандай кері әсер байқалмады, дейді. Мұны сылтауратып қызымда сабақтан қалған жоқ,  деп ағынан жарылған Бақытжан Жолдасбекұлы  Pfizerді үшінші компониент ретінде қабылдауға болатынын айтты. Ол әрине ақылы түрде егілмек.

 

 Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer  вакцинасымен 96437 адамды вакцинациялау жоспарланып отыр екен. Оның ішінде 8740 жүктіліктері  15 пен 40 аптаны құрайтын  әйелдер,  ал,  87697-і 12-17 жастағы балалар болса, 16314-і көкіректегі нәрестелері бар келіншектер. Қазіргі таңда қалаға америкада өндірілген  вакцинаның  46 800 дозасы жеткізілген. Алдағы уақытта тағыда әкелу жоспарланып отырған көрінеді. Бүгінде вирусқа қарсы вакцинациялаудың  нәтижесінде, жағдай тұрақталғанын тілге тиек еткен қаланың бас дәрігері, арқаны кеңге салуға әлі ерте, дейді.

 

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Қазіргі  таңда қауіпті індетті жұқтырған 309 науқас емделіп жатыр екен. Оның ішінде 181 науқас стационарда, 128 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Бүгінде ауруханаларда  733 төсек-орын жасақталып тұрған болса, оның толымдылығы 24% құрап, 545 төсек орын бос тұр. Ал, жаңсақтау бөлімінде 166 төсек орын бар болса, онда 33 азамат ем қабылдауда, 133 төсек орын бос.Толымдылық – 19 пайызды құрайды.

 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста