ШЫМКЕНТТЕ КӨЗ АУРУЛАРЫ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КӨЗ АУРУЛАРЫ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

Шымкентте көз аурулары бар науқастарды қабылдайтын клиника ашылды. 1934 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Алматы Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты қаламызда клиникасын ашты. Қазақстанның оңтүстік өңірі бөлімшесі санатындағы бұл клиника озық медициналық жабдықтармен қамтылған. Заманауи үлгідегі жаңа медициналық орталықтың ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және Шымкент қаласының әкімі қатысты.

 

Ашылу рәсімінде сөз алған қала басшысы Мұрат Әйтенов   клиниканың ашылуы арқылы тұрғындардың сапалы медициналық көмекке, білікті дәрігерлерден кеңес алуға қолжетімділігі артқанын атап өтті.«Бұл клиника Шымкент қаласымен бірге Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Күрделі ота жасату үшін тұрғындар бұрын Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына барса, енді мұндай күрделі оталар қаламызда жасалады.

 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

 

Шымкент қаласында ашылған клиника тұтас оңтүстік өңірінің тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Мұнда күндізгі және тәулік бойы станционарлар ашылып, 38 төсек орны дайындалған. Клиникада консультативті-диагностикалық, лазерлік ем бөлімшелері ашылған.Клиника адам организмінің көру қабілетімен байланысты 15 ауру түрлері бойынша нозологиялық қызмет көрсетіп, ем шараларын жүргізеді. Жоғары медициналық технологиялардың көмегімен 9 ота түрлері жасалып, науқастардың толық қалпына келулеріне дейін дәрігерлік күтімге алынады.

 

Найля Алдашева –  «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ бас директоры 

 

Клиникадағы алғашқы ота бүгін жасалады, оған дәрігерлер ұжымы толық дайын. Орталықта 81 адам жүмыспен қамтылды. Оның ішінде 21 адам тәжірибелі дәрігерлер болса, орта буын медицина қызметкерлерінің саны 30 адам. Қалғандары көмекші персоналды құрайды.

 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста