ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

Шымкентте психикалық ауытқуға ұшыраған 20 мыңға жуық азамат бар. Тұрғындардыңпсихикалық денсаулығы соңғы жылдары назар аударатын көкейтесті мәселеге айналып барады, - дейді мамандар.

 

Дегенмен, шаһардағы аталмыш салада оң динамика бар. Ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарымен бөліскен қалалық психикалық денсаулық орталығының басшысы Серік Мыңбаев осылай дейді. Сондай-ақ, жиында жергілікті психиатрлар еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестерімен онлайн тәжірибе алмасты.

 

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

 

Қалалық Психикалық денсаулық орталығында ағымдағы жылы атқарылған іс көп. Мұндағы мамандар аутизмге шалдыққан балаларды оңалту мақсатында жүргізілген тәжірибелердің оң нәтиже беріп, ЮНЕСКО бағдарламасына енгенін қуана жеткізді. Ал бүгін сол әдіспен өзге де 17 өңірдің мамандарымен бөлісіп,  республика деңгейінде стандартталмақшы. Жыл басында Шымкентте ашылған еліміздегі алғашқы оңалту орталықтарында ем алған балалардың 60 пайызы бүгінде өздерін жақсы сезінетін көрінеді.

 

Серік Мыңбаев - Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері

 

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ЖАСТАР АРАСЫНДА БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ

 

Сала мамандарын толғандыратын басты бір мәселе бар. Ол қазір жастар арасында кеңінен тараған синтетикалық есірткілердің әсері. Есірткінің бұл түрлері күннен күнге көбейіп, қаупі еселеніп барады, - деп дабыл қақты олар. Себебі, одан емделу жолы да екі есе қиын екен.

 

Пернехан Жолымбеков - Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі

 

Айтып өтейік, Шымкентте 20 мыңға жуық тұрғын психикалық есепте тұрады. Олардың 3 мыңнан астамы кәмелет жасына дейінгі балалар. 60 пайызы ер адамдар болса, 25-40 жас аралығындағы азаматтар саны басым. Мамандар, жүйкесі тозған жандарға ең алдымен моральдік қолдау көрсетудің маңызды екендігін ескертеді.

 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста