ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

Республикамыздағы жыл сайынғы емханаға тіркелу науқаны өз мәресіне жетті.

 

15 қыркүйек пен 5 қараша аралығында 2 айға созылған акцияда әрбір Қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдау құқығын пайдаланды.

 

Дәстүрлі науқан Шымшаһарда қалай жүзеге асты? Тиіста сала өкілдері БАҚ өкілдеріне есеп берді. Толығырақ алдағы сюжетте.

 

 

Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, емхананы еркін таңдау барысында 1 120 324 тұлға жалпы саны 44 емханаға тіркелген. Азаматтағы жоқ және басқа санаттарға жататын 180 тұлға алғаш рет тіркеу жасаса, қаламыздағы клиникаларға 37 шет елдік азамат пен 1 қандасымыз рәсімделген.

 

Сәбит Құралбек – ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалынын директоры

 

Есепті кезеңнің басына бекітілген халық саны 195167 тұлғалар, "Еркін таңдау"себебінен 2806, "көшу" себебі бойынша 466, "эл.E-gov қызметтері" себебінен 38 329, "Аймақтық учаскінің жабылу" себебі бойынша 56 005, "Ішкі қайта бекіту" себебінен 84627, "тіркеу науқаны" себебінен 12 934

 

Науқан кезінде еркін таңдау құқығын пайдаланбаған тұрғындар бұрынғы емханасына бекітілген болып қалады. Ережеге сәйкес, жалпы практика дәрігеріне, учаскелік терапевтке бекітілген тұрғындар саны 1700 адам, учаскелік педиатрға қарайтындар 6 жасқа дейін 500 баладан, ал 14 жасқа дейін 900 баладан аспауы кажет. Егер мекемеде тіркелушілер қатары толып қалса, тұрғындар басқа емхана таңдауға мәжбүр.

 

Сәбит Құралбек – ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалынын директоры

 

Айтып өтейік, қазірігі таңда, тұрғындар үшін қашықтықтан медициналық қызмет көрсетулер қолға алынған. Арнайы профильді дәрігерлердің, оның ішінде Қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандары пациенттің медициналық мекемеге келмей онлайн-режимде консультация алуына мүмкіндік бар. Бұл қызмет әсіресе науқасты коронавирустан емдеу кезінде өзекті болды.

 

Қажетті ақпаратты алмаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына келесі байланыс арналары арқылы өтініш беруге болады: ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1406, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы

 

 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста