ТОҒЫЗ АЙДА 200 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ТОҒЫЗ АЙДА 200 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Бүгін - Құтқарушылар күні. 1995 жылы Елбасының Жарлығымен құрылған азаматтық қорғау қызметіне биыл 26 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміздің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері халықтың қауіпсіздігін сақтауға күш салып, қалтқысыз еңбек етіп келеді.

 

Бүгінде азаматтық қорғау саласында Шымкент қаласы бойынша 900-ге жуық адам еңбек етуде. Төтенше жағдайлар қызметі осы жылдың 9 айында өртке, жол-көлік оқиғасына, табиғи, техногендік және басқа да төтенше жағдайларға байланысты 2 мыңнан аса шақыртуға шыққан. Қызмет бабында олар 200-ге тарта адамды құтқарса, 30 шақты адамды қауіпсіз жерге шығарған. Бір тәулікте 180 адам кезекшілікке түседі,  57 техника дайындықта болады. Күн сайын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 30 -ға жуық шақыртуға шығады.

 

 

Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олар төтенше жағдай болған кезде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылады. Бұл іс кез келген адамның қолынан келе бермейтіндігі анық. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен біліктілік сондай-ақ, тәжірибе керек.

 

Тәуелсіздік алған жылдардан бері қалалық төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері жұмыс барысында ерлікпен қаза тапты.

 

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Бақыт Алпысбаев 1988 жылы Шымкент мұнай өнімдері зауытында болған өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан. Ал, 2014 жылы "Планта" ЖШС-дегі  тілсіз жау Жұлдызбек Есенәлиевтің өмірін жалмаса, 2016 жылы Төлеби ауданындағы тау шатқалында адасып қалған туристерді құтқару кезінде өмірін қатерге тіккен Жомарт Сәрсенбеков отбасына қайта оралмаған.

 

Кәсіби мереке күні қызметтік борышын адал атқарып жүрген азаматтық қорғаныс саласының 30 қызметкері «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Шымкент қаласы әкімінің және мәслихатының «Алғыс хаттарымен» және басқа да салалық наградалармен марапатталды.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста