ШЫМКЕНТТЕ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Бүгінгі күні цифрландыру жүйесі әлемнің барлық елдерінде жоғары деңгейде дамығаны сөзсіз. Бұл ретте еліміздің  жаһандық цифрлық экономикада алар орны да ерекше.

 

Осы тұрғыда Шымкентте қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бастамасымен «Ветеринария саласын цифрландыру» жобасы қолға алынбақ. Онда салаға қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады.

 

 

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының айтуынша, салаға цифрлық технологияларды енгізу жүйесі басталып та кеткен. Жобаның тиімділігі  сол, бірінші кезекте тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы артады, кері байланыс реттеледі және қызметкерлердің жұмыс тиімділігі жүйеленеді.

 

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда кезең-кезеңімен іске асырылып жатқан жобада алдағы уақытта:

 

- өтінім беруді автоматтандыру;

 

- ауыл шаруашылығы жануарларын цифрлық бiрдейлендiру;

 

- ветеринариялық кадрларды даярлау;

 

- тәжірибеде қолдану;

 

- IТ саласының бағдарламашылары ойластырған жаңа логотипті енгізу сынды мәселелер көзделуде. 

 

 

Бұл жоба іске қосылған жағдайда қала тұрғындары үйден шықпай-ақ электронды өтінім беруіне,  рәсімдеу процесін жеңілдетуге, сондай-ақ ең бастысы уақытты үнемдеулеріне үлкен мүмкіндік туады. Жоба жыл соңына дейін дайындалып, қосымша ақпарат ұсынылатын болады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста