Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдануда

Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдануда

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспананы тікелей сату конкурсына өтінімдер қабылдануда.
«Шаңырақ» бағдарламасы арқылы тікелей сатылым Отбасы банктің жаңа порталы «baspana.otbasybank.кz» сайтында осы жылдың 13 тамыз күні сағат 10:00-ден бастап 23 тамыз сағат 23:00 аралығында өткізіледі. Өтініштер тек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан қабылданады.
Аталған бағыт бойынша азамттарға қойылатын басты талаптар:
1. Тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспайтын (2021 жылға-126 917 теңге), отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табыстың болуы;
2. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелу.
Аталған бағыт бойынша алғашқы жарна үй құнының 10%, несие 5% беріледі. Баспана құнының 1 шаршы метрі 200 000 теңгені құрайды.
Айта кету керек, аталған бағыт бойынша биыл «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 тұрғын үйді сату бойынша 3 кезеңмен өтінімдер қабылдаған болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста