Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданында орналасқан мұсылман бейітіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында бейіт аумағы күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді.
Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында 5 мазарат бар. Олар Текесу, Ақтас және Ақтас 2 тұрғын алаптарында, 275 орамда және Сәуле шағынауданында орналасқан. Барлық мазараттарды күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы жауапты. Аталған мазараттарда тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қаланың бет-бейнесі – тазалықта. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға, үй аулаларында тазалық сақтауға шақырамыз.
Шымкентте мазарат аумағы қоқыстан тазартылуда
Читайте также
150-ден астам Шымкент тұрғыны пәтерлерінің кілтін алды
Шымкенттегі цитадель. 2200 жылдық тарихты қалай көруге болады? "фото, видео)
Шымкентте жаңа Dendropark тұрғын үй кешенін резервтеу басталды
Шымкент. Шырайлы Шымқала
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкентте жаңа оқу жылына 2 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді
Последние статьи автора