ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласына инвестиция тарту және инвесторларды қолдау мақсатында «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «Shymkent Invest» инвестициялар тарту департаменті құрылды.

 

Департамент директоры болып Болат Етекбаев тағайындалды. Ол осыған дейін «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның Инвестиция депаратаменті директорының орынбасары қызметін атқарып келген.

 

 

Департаменттің негізгі қызметі - қала экономикасын жан-жақты талдау; қала тұрғындары және қонақтарына қажетті инвестициялық жобаларды анықтау; сол жобаларға инвесторлар тарту; өздігінше (өз жер телімінде) жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды қолдау.

 

Қазіргі таңда департаментпен жалпы инвестиция көлемі 349 млрд теңге құрайтын 25 инвестициялық жоба бойынша меморандум түзілді. Алда тағы 118 млрд теңге құрайтын 4 инвестициялық жоба бойынша меморандум түзу жоспарлануда. Бұл жобалар аясында 57 проблемалық мәселе қарастылды, оның 60 пайызы оң шешім тапқан.

 

 

Мәселелердің басым бөлігі инвестициялық жобаны қаланың бас жоспарына сәйкестендіру, қосымша жер телімдерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылу үшін техникалық шарттар алуға қатысты болған.

 

«Shymkent Invest» инвестициялар тарту департаментімен байланысу үшін директоры Болат Етекбаевқа +7 (778) 180 01 30, +7 (778) 228 88 89 тікелей хабарласа аласыз.

 

Мекенжайы: Бәйдібек би 126,  «Қайнар» бизнес орталығы.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста