ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Шараның ашылуына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова қатысып, жәрмеңке жұмыссыз жастардың санын азайтып, жұмыс іздеген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік екенін атап өтті.
Жәрмеңкеге қатысқан 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер 9 мыңға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарын ұсынуда.
Басқарма басышысы қала тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша жұмыстар да ұсынылып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол мұнда жұмыс іздеушілерге қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі беріліп жатқанын мәлімдеді.
Аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасатын болады.
Айта кетсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 2384-і жастар практикасымен, ал 102-і алғашқы жұмыс орны жобасымен жұмысқа жолданды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста