ШЫМКЕНТТЕ 6 ЖЕРДЕ КӨМІР САТУ ОРЫНДАРЫ БАР

ШЫМКЕНТТЕ 6 ЖЕРДЕ КӨМІР САТУ ОРЫНДАРЫ БАР

Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни  98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Алайда, қалаға көмір тасымалдаушы мекемелердің («Насыров» ЖК, «Қосжанов» ЖК,  «Азамат мұнай» ЖШС, «COALBAG» ЖК, «Қазығұрт» ЖК) қоймасында 35 мың тоннадан астам көмір бар. Тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады. 1 тонна көмірдің бағасы 9500 - 15 000 теңге аралығында.

 

Қала тұрғындарына көмірді алдын ала сатып алуды сұраймыз. Күн суығанда көмірді азаматтардың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезек көбеюі мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін қыркүйек айынан бастап тұрғындарды көмір сатып алуға шақырамыз.

 

Шымкенттіктер биыл көмірді 6 жерден сатып ала алады. Қатты отынды сақтау және тарату орындарының үшеуі Достық тұрғын алабы Яссауи көшесінде орналасқан.  Сонымен бірге, Қызылсай тұрғын алабы Жібек жолы көшесінде, Қойкелді батыр көшесі және Клара Цеткин көшесінде бар.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста