Шымкент қаласы Зообағының жануарларын жаңа вольерлерге көшіру жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы Зообағының жануарларын жаңа вольерлерге көшіру жұмыстары жалғасуда

2020 жылы қолға алынған жобаға сәйкес қырық жылдан астам уақыт қолданыста болған вольерлерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Шілде айында Қайтпас, Қайсар есімді төрт жасар ағайынды екі арыстан жаңа вольерге орналастырылған болатын. Бүгінде екеуі де жаңа жайға үйренісіп, жағдайлары жақсарып қалған.

 

 

Бұған дейін циркте өнер көрсеткен аңдармен қатар 2021 жылдың маусым айында 3 бас дала қасқыры, Новосибирск зообағынан әкелінген 2 қара және 2 қызыл қасқыр мен бес бас түлкі, шілде айында жергілікті цирктен әкелінген екі арыстан көшірілген. Барлық жануарлардың қазіргі жағдайлары жақсы. Алдынала дайындық жұмыстары атқарылуына байланысты көшіру барысында ешқандай қиындық туындамады.

 

 

Шымкент қаласы Зообағының барлық жануарларына жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру үшін тамыз айында Боня және Клайд есімді гиббондар, үш ұрғашы жасыл мартышка жаңа жерге көшірілді. Қоңыр аюларға арнайы салынған вольерлер де бір апта уақыт алдын даяр болып, Тянь Шаньдық Татьяна және Понтик, цирктен әкелінген 5 жасар Барни мен Умка жаңа орынға ауыстырылды. 

 

 

Жаңа орындар әр жануардың табиғи қажеттілік және қызығушылығына қарай жасалып, кішігірім ойын алаңқайлары, бассейн және көлеңке берер ағаштармен қамтылған. Ескі және тар вольерлерде біраз уақыт өмір сүрген жануарлар жайлы жерлерге үйренісіп, күнделікті өмір барысын жалғастыруда.

 

 

Аталмыш жобаға сәйкес келер жылы барлық ескірген вольерлер кезек-кезегімен сүріліп, 2023 жылы толықтай жаңаруы жоспарланған.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста