ҚАЛА ӘКІМІ КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласында Қарабастау тұрғын алабының тұрғындары сенбілікке шығып, өз аумақтарын жасыл-желекке айналдыру үшін ағаш отырғызды.

 

 

Тұрғындардың игі бастамасын қолдаған әкім Мұрат Әйтенов және Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары сенбілік шарасына қатысып,  көгалдандыру жұмысына атсалысты.

 

 

Қала әкімі қоршаған ортаны көгалдандыру жұмысы мұнымен шектелмейтінін айтып, тұрғындардың белсенділігіне алғысын жеткізді.

 

 

-"Жасыл қала" деген мағынаны білдіретін қаламызға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 жылда 5,5 млн түп ағаш көшеті отырғызылады. Ағаштар экологиялық жағдайды жақсартуда климатқа оң әсер етумен бірге, ауаны тазартуда және өзімізден кейінгі ұрпақтың саулығы үшін аса маңызды рөл атқарады. Сіздердің бүгінгі игі істеріңіз болашақ ұрпақ үшін зор үлгі. Көгалдандыру жұмысында белсенділік көрсеткендеріңіз алғыс айтамын, - деді қала әкімі.

 

 

Сенбілік барысында елді мекендегі көшелер мен спорт алаңшалары аумағына 2000 жуық жеміс ағаштары мен кленд, айланд, қарағаш көшеттері отырғызылды.

 

 

Ағаш отырғызу шарасына 600-ден аса әкімдік өкілдері мен аудан тұрғындары қатысып, 7 техника жұмылдырылып, №1 автожол бойына 60 түп қырым қарағайы қондырылды.

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста