АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-6.

АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-6.

БТР-дың үстіне отырып алғанбыз. Майдан болған ауылдарды шолып, қарап келеміз. Кейбір ауылдар тура жау шапқандай талқан болып қалыпты. Өртенген үйлер әлі бықсып жатыр. Кейбір ауылдар бүп-бүтін, тыныш. Соғыс пен бейбіт күннің бейнесін кезек-кезек ауыстырып келе жатырмыз. Арғы бетке жетісімен бірден армия штабын іздеп таптық. Солтүстік Кавказ әскери округінің басшысына қойған сұрағымыздың негізгі төркіні: «Ресей әскерінің бейтараптығы неге екі жаққа бірдей емес?», «Екі ұлттың бірін бауырына тартып, екіншісіне дұшпан сияқты қарауына не себеп?». Генералдың басты жауабы: «Армия ұлтаралық қақтығысқа араласа алмайды. Оның міндеті – қантөгісті болдырмау, атысты тоқтату, араша түсу. Бірақ, біз әр үйдің қасына, әр көшенің арасына әскер қоя алмаймыз. Ондай көп солдат жоқ бізде. Қантөгісті тоқтату үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз». Әңгіме бітті. Бәрі де түсінікті. Генералдан майдан шебіне жеткізіп салатын автобус сұрап алдық. Біздің қауіпсіздігіміз үшін қасымызға бір офицер мен екі солдат қосып берді. Көшеге шықтық. Бұл жақта да сол әскери жағдай. Қару асынған кісі көп. Бірақ, қаза болғандарды жерлеу ресми түрде ұйымдастырылып жатыр екен. Автобусты тоқтата қойып, камераларымызды іске қостық. Сол-ақ екен жанымызға қару асынған бір топ адам жетіп келді.
-Кімсіңдер?
-Журналистерміз.
-Не істеп жатырсыңдар?
-Мына қаралы жиынды түсіріп жатырмыз.
-Журналист емес, шпион шығарсыңдар? Тексереміз. Кеттік.
Әй-шайға қараған жоқ, сүйрелеп автобусқа қайта мінгізді. Өздері қоса мінді. Жол көрсетіп келе жатқан офицеріміз бірдеңе деп міңгірлеп еді, оның аузын жауып тастады. Сөйтіп, бізді белгісіз бір жаққа алды да кетті. Қаланың шет жағы қарулы жасақтың штабы болса керек. Алды толы қарулы сарбаз. Бірнеше жүз адам. Соның ортасына бір-ақ алып кірді. Ресей армиясының офицерлері таулықтардан қатты қорқады екен. Қорғаушылармыз автобустан түсіп жоқ болып кетті. «Сендер біздің тұтқынымызсыңдар. Сондықтан қарсыласпай тыныш отырыңдар. Әйтпесе, көздеріңді құрта саламыз. Сендерді кім іздесе де таба алмайды. Қазір тексереміз. Егер шпион болмасаңдар, жібереміз» деп әрқайсымызға мылтық тіреп қойды. Менің тұмсығыма тірелген кіп-кішкентай наганның ұңғысы қап-қара екен. Ұңғысының аузы соншалықты үлкен боп көрінді. Ар жағынан ажал сығалап тұрғандай сұп-суық. Алдымен бойымызды тінтіп шықты. Абырой болғанда ешқайсымыздан қару табылған жоқ. Табылса күніміз қараң. Соғыста бейтарап, арағайын деген ұғым болмайтынын айтып едім ғой. Не жау, не дос! Үшінші жаққа екеуі де сенбейді. Шпион деп қарайды. Екі жақ та оны сұраусыз-ақ жоқ қылады. Және одан ешкім неге олай істедің деп сұрамайды. Соны дұрыс көреді. Сондықтан соғыс алаңында жұмыс істейтін журналистің қару ұстамағаны абзал. Әйтеуір жаны қалады. Тергеп жатыр. Біз барлық шындығымызды айттық. Журналистпіз. Қазақстаннан. Ресейден. Әлгінде ғана генералдан шықтық. Қаралы жиынды түсіріп алайық дегенбіз. Сол-ақ. Тек арғы беттен келгеніміз туралы ешкім ләм-мим деген жоқ. Онда шаруамыз бітіп тұр еді. Енді кассеталарды тексеруге көшті. «Егер күмәнді бірдеңе тапсақ, біттіңдер» дейді. Ресей журналистерінің камерасы БТК. Кассеталары кішкентай. Жиі ауыстырып тұрады. Біздің камера ВХС. Кассетасы үлкен. Оның ішінде арғы бетте түсірген бейнелер бар. Оны көрсе шынымен-ақ аман шықпасымыз анық. Менің арқам терлеп кетті. Абырой болғанда Асылхан дәу кассетаны камерадан шығарып сөмкеге жасырып, ішіне камераны тазалайтын кассетаны салып үлгерді ғой деймін. Әйтеуір, камералар мен кассеталарды алып, жасақ командирі штабқа кетті. Ұзақ бөгелді. Әбден тексеріп жатқан сияқты. Автобустың айналасы толы жүздеген қарулы сарбаз. Біреу-міреу «шпион» деген сөз айтты ма, кім білсін, автобусты айнала қоршап алды. Айқайлап жұдырығын түйіп, терезені ұрғылап тұрды да бәрі жабылып автобусты ырғай бастады. Аунатып құлатпақ болып жатыр.
/Жалғасы бар/

Serik Zhanbolat facebook.com  парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста