АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-3

АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-3

Елең-алаңда түнде ғана қырғын шайқас болған ауылға келдік. Ауыл емес, жау шапқан елдің жұрты бұл. Үй, қора-қопсы тып-типыл өртеніп кеткен. Әр жерде таяғына сүйенген қария мен баласын құшақтаған әйелдер қараңдап жүр. Түнде жорыққа кеткен қарулы сарбаздар да ілбіп келе жатыр. Бұлар бос қалған жұртта не жинап жүр деп ойладым. Әкімдіктің қасына келгенде бірақ түсіндім. Жүрегім тас төбеме шықты. Ол жерге түнде жоғалған сәбилердің аяқ киімдері мен ер-азаматтардың бас киімдерін тізіп қойып жатыр. Баласының аяқ киімін танып есінен танған аналар, күйеуінің бас киімін танып құлап жатқан әйелдер. Еңсесімен басқан таяғы жерге жартылай кіріп кеткен қариялар. Мынадай қасіретті көрудің өзі бір қасірет екен! Кейін түсіндім, ұрыс даласында мынадай адам айтқысыз заңдылық болады екен: жаудан қашқан сәбилер алдымен аяқ киімінен, еркектер бас киімінен айрылады екен. Соларды жинап алып жоқтайды екен жау шапқан жұрт! Аннан-мұннан құралған еркектердің көздері қанталаған. Кім қолына түссе де түтіп жейін деп тұр. Мұндай ұлтаралық қантөгістің қиындығы сонда, нақты жауының кім екенін ешкім түстеп білмейді. Таудан түсті ме, әлде даладан келді ме? Бұл ауылдың еркектері де түнде жорықта жүрген болар? Ондай күмәнді айту тұрмақ, ойлауға да болмайды. Өйткені, соғыста бейтарап дейтін түсінік жоқ. Не жау, не дос! Үшіншісі болмайды. Бейтарап тек сырттан келу керек. Ортадан шыққан бейтарапқа,арағайынға ешкім сенбейді. Екеуі де оны жау көреді. Екеуі де оның түбіне жетеді. Қарақұрым халық жиылған соң митинг басталды. Таңқалғаным: осындай қасіретті шақта тұрып, сөз бастаған ақсақалдар ең алдымен Қазақстаннан келген журналистерге алғыс айтты. Бір кездегі қуғын-сүргіннен аман алып қалған қазақ халқына тағзым етті. Одан кейін әр ауылда қаза болғандардың мүрдесін жинауды талқыға салды. Ол түсінікті де. Өйткені, әлі де кімнің жау, кімнің дос екені белгісіз. Бейтарап үшінші біреудің көмегінсіз ол мүмкін емес. Қан-қасап қырғын әр жерде әлі жалғасып жатыр. Сондықтан Руслан Аушевқа өтініш айтты: орыс армиясының көмегінсіз оларды жинап алу мүмкін емес. Руслан Аушев аянып жатқан жоқ. Ары қарай қарулану, кек қайтару, жасақ құру тағы басқаны айтқандар болды. Бірақ, бүкіл елдің басты талабы: соғысты қалай да тоқтату, қанды қырғынды болдырмау, қарсы жақсы соған шақыру, мүмкіндігінше әр көшеге бейтарап күштер әкелу. Әйтпесе, мына соғыс ешкімге жеңіс әкелмейді. Руслан Аушев те, депутаттар да сол іспен айналысып жатты. Біз Русланнан алдыңғы шепке барып қайтуға рұхсат сұрадық. Ол: «Бармаңдар десем жасырынып барып бір пәлеге ұрынасыңдар ғой. Тек менің адамдарым апарсын! Бірақ, тез қайтыңдар! Ақпараттық соғыс пен қарулы соғыс екі түрлі болады. Байқаңдар!» деді. Айтатындай-ақ бар екен. Астымызға жаңа Нива берді. Шопыр жігітке: «Ешкімге де, ешқайда да тоқтама. Барынша қатты жүр. Барып көрсет те, тоқталмастан, мына тұман ыдырағанша кері зымыра!» деп бұйрық берді. Асфальт жолмен жайлауға шыққандай ұшып келеміз. Тек шопырымыз ғана алаңдап, жан-жаққа алақ-жұлақ қарайды. Қарсымыздан нан таситын жүк көлігі зу етіп өте шықты. Алды-артына қарайтын емес. Біздің көкейімізде алаң жоқ. Алдыңғы шепке шықтық деп мәзбіз. Әңгіменің тиегін ақтардық. Тау жақ көрінбейді. Тұман. Алғы шеп дегеніміз блок-посттар екен. Сол жерге аңыратып жетіп келгенде, ондағы қарулы жігіттер тұман ашылып кетіп аспандағы ай жерге түскендей аңтарылды да қалды. Оған қарап жүрген біз жоқ. Асай-мүсейімізді алып блок-посттың алдына шығып алдық. Операторым Асылхан - дайын. Мен кәдімгі телевизордағыдай микрофонымды қолыма алып: «Майдан шебі деген осы болады. Жауыздық пен адамшылықтың шекарасы тура осы жер..» дегенімше оң жағымнан қашықтау жерге снаряд жарылды. Одан кейін тарс-тұрс атыс басталды. Аспан мен жердің шыр айналып, қара жердің көрпе құсап иректеліп, умаждалып кететінін сонда көрдім. Одан арғысы есте жоқ.
/Жалғасы бар/

 

Serik Zhanbolat facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста