Қатерлі ісіктен емдейтін гел жасалды

Қатерлі ісіктен емдейтін гел жасалды

Бүкіл әлем ғалымдары қатерлі ісік ауруын емдеудің тың жолдарын іздеуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі Nature ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Таяуда үнділік және америкалық мамандар тобы радиоактивті йод-131 атомдары бар ақуыз гелін жасады. Оны ұйқы безінің қатерлі ісігімен күресу үшін қолдануға болады.

 

Ғалымдар зертханалық кеміргіштерге арнайы тәжірибе жүргізіп, қолданып көрген екен, нәтижесінде олардың 80%-да қатерлі ісік жоғалып кеткен.

 

Жаңа әдістің химиотерапия мен сәулелік терапия элементтерін біріктіретіні, соған қарамастан сау тіндер үшін онша қауіпті емес екені атап өтілді.

 

Гел қатерлі ісікке тікелей енгізілді. Ол тұрақсыз йод-131 ядроларының ыдырауынан кейін пайда болған бета-сәулеленумен жойылды. Ол гамма-сәулелері сияқты терең енбеді, сондықтан дәрігерлер нүктелік (нақты) әсерге қол жеткізе алды. Процедурадан кейін гел денеден оңай шығарылды.

 

Бұл тараптағы зерттеудің атсалысқан ғалымдардың бірі Ашутош Шилкоти бұл құрал жиырма жыл ішінде жасай алған қатерлі ісік терапиясының ең перспективалы (келешегі зор) түрі екенін атап өтті.

 

Жаңа құрал ұйқы безінің қатерлі ісігі бар науқастардың ғұмырын ұзартуы мүмкін.

 

Ал мамандар оны клиникалық қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста