Псориаздан айықтырған атаға рахмет

Псориаздан айықтырған атаға рахмет

Дана халқымыз «бірінші байлық – денсаулық» деп бекерге айтпаса керек…

Осыдан сегіз жыл бұрын денем бөртіп, дақтар шыға бастады. Кейін осы бөртпелер үлкейіп, мазамды алды. Қышынып, жүйкеме әсер ететін. Әсіресе жазды күндері көпшілік арасында жағымсыз көрінетін жаралар мен қышынудан ыңғайсыз күйге түсетінмін.

Дәрігерлер псориаз деген диагноз қойды. Бірнеше рет ауруханаға жатып, ем қабылдадым. Бәрібір ауру қайталана берді. Түбегейлі жазылмайды деді көп адам. Шынымен, қанша ізденсем де тән азабын – жан азабын тарттырған осы дертке ем таба алмадым. Жыл сайын қаншама ақшам желге ұшып, үмітім күл болатын. Ал мені мазалап, қинаған денемдегі жаралар уақыт өткен сайын үлкейіп, бұрынғыдан да бетер әбіржітіп жіберді.

«Дертті де, шипаны да Алла Тағала береді» деген үмітпен «Ауырмаңыз!» газетін оқып отырғанмын. Шымкентте тұратын Асан (Жусан) емші жайлы жазылыпты. Бір кісі 35 жыл мазазалаған псориаздан өқтылғанын айтып, алғыс білдіріпті. Асан емші витилигомен ауырған өз қызын емдеп жазған екен. Оқи сала редакцияға хабарласып, емшінің телефон номерін сұрадым. Көп ұзамай емшінің қабылдауында болып, өзі дайындаған шөп дәрілерін алып, емделуді бастадым. Тамыр ұстап отырғанда Асан ата ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығатынын ескертті. Яғни шыдамды болуым керек.

Бір айдан аса уақыт өткенде денемдегі жаралардың алды жазылып, кете бастады. Ал 4 ай өткенде мені біраз жыл әбіржітіп, қаржылай шығынға және рухани азапқа салған осы дерттен құлан-таза айықтым. Денемде жаралардың орны да, дақтар да қалмады.

Айтайын дегенім, Асан ата жай емші емес. Ол алдына емделуші келгенде алдымен Құран оқып, дем салады екен. Алладан осылай медет сұрап, сосын тамыр ұстап диагноз қояды. Шөп дәрілерін әр адамның көзінше, әр науқасқа жеке-дара дайындайтынын дұрыс көрдім. Қалай ішетінін тәптіштеп түсіндіреді. Сұрастырып білгенім, псориаз ғана емес, аллергия, диатез, витилиго, тағы басқа тері ауруларын да емдейді екен.

Осы хат арқылы көпшілкке аса керекті мақалалар жариялап, оқырманының ықыласына бөленген «Ауырмаңыз!» газеті ұжымына және көпшіліктің дертіне ем жасап, шипа тапқан Асан (Жусан) емшіге өз ризашылығымды, алғысымды білдіремін!

Қарлығаш ОМАРОВА,

Қызылорда қаласы.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста