Шежіре- Уақ руы

Шежіре- Уақ руы

Уақ тарихы жайлы барлық тарихшылар бір ауыздан бір шешімге келген. Уақтар академик Әлкей Марғұланның және Қытай қазақтары тарихшысы Нығмет Мыңжандардың айтуынша, Шыңғыс хан кезіндегі Оңғыдтар. Мұны Ш.Уәлиханов атындағы тарихи институтының директоры, бұрын Моңғолия премьер-министрі болған Зардыхан Қиянатұлы "Моңғол үстіртін мекендеген соңғы түркі тайпалары" деген еңбегінде дәлелдеген.
"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.
Уақ тайпасының рулары мен аталары жоңғарларды қуып шығу кезеңінде қазақтардың Орталық және Шығыс Қазақстанға қайтып оралуы тұсындағы жалпы ағын бойынша қозғалған. Бастапқыда уақтардың бірнеше қауымы Ерейментау жазығына (мысалы, Тұраққопа алқабы) қоныстанған да, басқалары Ертістің оң жағалауына (Арқатау тауы жазығына) кеткен. Ерейментаудан олар Ертістің сол жағалауына, Шар, Ащысу секілді өзендер бойына көшеді. Ертістің оң жағалауында уақтардың біразы жалға: 1 шаңыраққа 40 тиын, 1 ірі қараға 15 тиын, 1 қойға 5 тиын, әрбір шаңырақтың түтін салығына 30 тиын төлеп көшіп жүрген. Жайылым мен учаскелерді жалға алатын ақшасы болмаған кейбір қауымдар Ертістің сол жағалауына, ал басқалары Томск губерниясы мен Алтай таулы округінің жерлеріне кетеді. Мысалы, Жансары руы 1876 жылға дейін Алтай таулы округінің жерінде қыстап жүргенде, өзінің Семей облысына қосылуы себепті Ертіске көшіп келуге мәжбүр болған.
XIX ғасырдың бірінші жартысында уақтар барлық округтерде қоныстанды деуге болады, алайда олар Аягөз, Аманқарағай (Құсмұрын), Баянауыл сыртқы округтері мен Омбы ішкі округінде көп болған. Салық төлемеген болыстар жөнінде жасалған 1841 жылғы ведомость бойынша, ондайлар: Сарман Уақ болысында 3220 адамы, 736 шаңырағы бар 12 ауыл, ал Шоға Уақ болысында 3999 адамы, 913 шаңырағы бар 14 ауыл болған. Уақтардың екі болысында барлығы 26 ауыл, 1649 шаңырақ, 7219 адам есептелген.
Бұл көшпенділер өздерін Уақтан тараған сегізінші буынбыз деп білетін ағайынды Шоға мен Сарманның ұрпақтары (6кесте). Сібір шебі төңірегінде көшіп жүрген 374 шаңырақ уақтар 7- ші казак полкінің жерінен қуып шығарылып, 1844 жылы Аягөз округінің Уақ болыстарына қосылды. Шоға (6 ауыл, 621 шаңырақ) мен Ергенөкті уақ (5 ауыл, 430 шаңырақ) біріккен бір Уақ болысы Томск губерниясындағы Бийск округінің жерінде, Черемухов және Белокаменный станцияларына жақын жерде көшіп жүрген. Ал олар барлығы 11 ауыл болып, 1051 шаңырақты біріктірген. Баянауыл, Ақмола сыртқы округтеріне қосылған уақтардың көпшілігі Томск және Тобыл губернияларында көшіп жүрген. 1849 жылғы деректер бойынша, 4 әкімшілік ауылдан (384 шаңырақ) тұратын Баянауыл уақтары (ергенекті уақ руының Бидалы атасы 6-кесте) Томск губериниясының Бийск округіндегі Семияр станицасының маңында, Сарбеубел алқабында, сондай-ақ Тобыл губерниясьшың Омбы округінде, Песчаный станциясына жақын маңда көшіп жүрген. 1840 жылғы деректерге қарағанда, ашылмақшы болған Көкпекті округі иелігінде Делбегетеіі тауы мен Жартас алқабынан Шар өзеніне, приказдан солтүстік - батысқа қарай 150 шақырым қашықтықта көшіп жүрген уақтардың 170 шаңырағы болған. Омбы округіндегі казак полктері жерінде көшіп жүргеи уақтар да көп болған.
Мысалы, 5 - ші, 6 - шы казак полктерінің жерінде (Құланды даласы) 665 шаңырақ, Ертістің сол жағалауындағы 10 шақырымдық өңірде, 7 - ші полктің жерінде 909 шаңырақ көшіп жүрген. Ақмола сыртқы округіне қосылған 10 қауымнан тұратын (898 шаңырақ) Шоға Ергенекті уақ (Бидалы, Жансары аталары 6кесте) рулары да округтен тыс жерлерде: Томск губерииясының Бийск округіндегі Лебяжье, Ямышев, Семияр станциялары маңында: Тобыл губерниясының Омбы округіндегі Качиры және Песчаный станциялары аралығында, Черлак станциясының маңында, сондай - ақ 7 - ші казак полкінің жоғарыда аталған станициялары маңында көшіп жүрген. Сібір ведомствосы жерінің батысында, Орынбор ведомствосының жерімен шектес, Аманқарағай уақтары орналасқан.
Уақтардың шағын топтары Кіші жүздің жерінде, Тамды, Қарақобда және Сарықобда өзендерінің бас жағын мекендеген. Өз тайпаластарынан бөлініп қалғаи бұл уақтар Кіші жүз рулары (әлімұлы, байұлы тайпалары) арасында қоныстанған. Бұлар, мұнда не жоңғар шапқыншылығынан кейін қалған немесе өз тайпаластарымен ренжісіп, олардан айырыла көшкен болса керек. Соңғысы жиі болатын құбылыс. Мысалы, Орта жүз тайпалары арасынан өз руластарынан бөлініп, Орта жүз қауымдарына кетіп қалғанына көп болған жағалбайлыларды, тамаларды т. б. жиі кездестіруге болады. Өскемен уезінің жерінде, Бұқтырма өзенінің бас жағында және Аршаты тауының төңірегінде керейлермен бірге уақтардың 68 қожалығы көшіп жүрген.
Семей уезінде уақтардың 5728 қожалығы болған. Төрт болыс пен Қызылқұм болысының бір бөлігі солардан құралған. Олардың орналасқан жерлері Семей қаласынан оңтүстікке қарай Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларының жазығы, Ащыкөл өзенінің төңірегі және Ащысу өзенінің бас жағы. Олар Ертістің оң жағалауында уездің 10 шақырымдық өңірін бойлай және одан әрі шығысқа қарай Лебяжье, Черный поселкелері аралығындағы жазыққа орналасқан. Ертістің оң жағалауындағы Белағаш даласында қазақтар Кабинеттен, Сібір казак әскерінен жалға алған Қараөзек, Қарағанды т. б. «бос дала» деп аталатын жерлерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай (Шульба тоғайы) мен Қараөзек (Ремев даласы) ормандары мүлде бос болған. Қыс кезінде бұл жерлерге сол жағалаудан мал айдап әкелініп жүрген. 1780 жылдар шамасында Уақ тайпасынан шыққан Есібар өз руластарымен Жақсы Қараөзекке (Ремев даласы) қоныстанды. Ол кезде бұл қоныстанушылар алым төлемеген.
XIX ғасырдың алғашқы отыз жылдығында Семей округтік приказы жаңа қоныстанушылардан Байуақ болысын құрып, ол 1874 жылы оның аты Белағаш болысы деп өзгертілді. Бұл болыста 1444 қожалық болған, ал оның 25,75 пайызы уақтардың қожалықтары еді. Белағаш даласындағы түрлі тайпалар руларының өздерін "қырық ру" деп атағанын көрсете кету орынды. Павлодар уезінде уақтардың 1399 қожалығы болған. Олар Ертістің оң жағалауындағы 10 шақырымдық өңірден (Крутояр поселкесі Песчаный поселкесі) шығысқа қарай Барабин даласымен шектесіп жатқан көптеген көлдерге дейінгі далаға орналасқан.
Уақтар иелігінің оңтүстік шегі Әжі-Болат-Қарасу көлдері бойымен өткен. Ертіс өңіріне уақтардан негізінен алғанда Бидалы (Ергенекті уақ) тармағының Әжібек, Абырай аталары мен аздаған Шоға руы (6-кесте) қоныстанды. Қазақстанның солтүстігінде, Петропавл уезінде, уақтар Обаған өзенінің шығыс жағалауында, Алабота, Қойбағар, Шалқар, Жарқайың, Шошқалы көлдерінің жазығында, Есіл, Қойбағар, Түнтүгір өзендерінде көшіп жүрген. Ондаған шаңырақ Теке өзені маңында қоныстанған. Петропавл уезінде 221 ауыл (2260 шаруашылық) болған, бұл барлық шаруашылық санының 19,8 пайызы болады. Уезде ергенекті уақ руының қауымдары көбірек те, Шоға руының өкілдері азырақ болған.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.


Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз

Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты

Средний жуз

Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы

Младший жуз

Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.
Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста