Журналисті зорлап, операторды соққыға жыққан...

Ресей армиясы сапындағы қадыровшылар Украинаның уақытша жаулап алынған Мелитополь қаласында «НТВ» телеарнасының журналисін зорлап, оның операторын соққыға жыққан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Запорожье облысының уақытша жаулап алынған Мелитополь қаласында қадыровшылар Ресейдің пропагандасына қызмет етіп жүрген «НТВ» телеарнасының журналисін зорлаған, – делінген хабарламада.

 

Телеарна басшылығы осы оқиғаға байланысты РФ Тергеу комитетіне шағым түсірген. Онда қалыптасып отырған жағдайды жан-жақты тексеріп, бұған заң тұрғысында шара қолдану сұралған.

 

«Стопкор» порталының хабарлауынша, Ресейдің әскери басшылығы «армияның беделін түсірмеу үшін» істі жылы жауып қоюға күш салып жатқанға ұқсайды.

 

Құжаттың өзінде 17 қаңтарда қадыровшылар Ресейдің «НТВ» телеарнасының Запорожье облысына жұмыс сапарымен барған операторын жабылып соққыға жығып, журналист қызды зорлағаны айтылады. Оқиға Мелитопольдегі «Вороноцовский» мейманханасында болған.

 

Бұдан басқа, құжатта бұл әрекетті «Ахмат» арнайы бөлімшесі содырларының жасағаны атап көрсетілген. Басылым «Ахмат батальонының» құрбандығы болған қыздың аты-жөнін де айтып отыр.

 

Зорланған журналистің аты-жөні – Ольга Зенкова. Ол «арнайы әскери операция барысын көрсету» үшін Запорожье жеріне келген. Оларға Кадыровтың жиені – «Ахмат» СОБР-ы командирінің орынбасары Хасан Ибрагимов пен оның күзетшілері «Путин деген ешкім емес» деп айқайлап, алдарынан шыққан операторды ұрып тастап, қызды ойларына келгенін істеп, қорлаған, –  делінген материалда.

 

«Диалог.Ua» порталының дерегіне қарағанда, журналисті зорлауды бастаған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ең жақын адамдарының бірі – туған жиені болып шықты.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста