Үндістанда жас жұбайлар неке түнінен кейін жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды India Today.
Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатының Бахрайх ауданында болған. Үйлену тойынан кейін ертесінде бөлмеде ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Жігіт 22 жаста, әйелі 20 жаста. Жастар 30 мамырда үйленген.
Полицейлер мәйіттерді сараптамаға жіберді. Құқық қорғау органдары ерлі-зайыпты жүрек талмасынан қайтыс болғанын айтты. Алайда бұған не себеп болғаны айтылмады.