Жапониядағы зілзаладан бір адам қаза тапты

Бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті
Жұма күні Жапония орталығына жақын орналасқан аудандарда және Исикава префектурасында 6,5 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, қуатты зілзала жергілікті уақытпен сағат 14:42-де (Гринвич бойынша 05:42) Судзу қаласында болды. Қала Исикава префектурасындағы Ното түбегінде орналасқан.

Жерасты дүмпуінің күші сейсмикалық қуаттылықтың жапония шкаласы бойынша 6 балды құрады. Айта кетейік, максималды шкала – 7. Тербеліс 12 км тереңдікте орналасты.

Жергілікті полиция мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 65 жастағы ер адам Судзу қаласында баспалдақтан құлап кетіп, мерт болды.

Сондай-ақ үш үй қираған, қирандылар арасында қалып қойған екі адам құтқарылды.

JMA дерегінше, сағат 21:58-де (Гринвич бойынша 12:58) Ното түбегі аумағында 5,8 магнитудасымен бірнеше жерасты дүмпуі тіркелді.

Метеоролгиялық агенттік жер сілкінісі апта бойы қайталануы мүмкін екендігін ескертті.

Аlmaty-akshamy.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста