Жапониядағы алқабилер сотының үкіміне сәйкес екі қылмыскер дарға асылды. Олардың бірі Сатоси Цуда 2009 жылы 3 адамнан тұратын отбасыны өлтіргені үшін, ал екінші қылмыскер тонау мақсатында 2 адамның өмірін қиғандығы үшін кінәлі деп танылған еді, деп хабарлайды NHK. Үкімет басына премьер-министр Синдзо Абэ келгеннен бері елде өлім жазасы 14 рет орындалған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Жапонияны дарға асу арқылы өлім жазасын орындауды мүлде тоқтатуға шақыруда. Бірақ, жапондардың басым бөлігі жазаның бұл түрін қолдайды екен.
Жапония билігі 2 қылмыскерді дарға асты
Читайте также
Қызылбастар еліндегі қазақтар
Панама – әлемдегі ең бақытты мемлекет
NASA Арал теңізінің спутниктен түсірілген суреттерін жария етті
Таиланд ханшайымы жемқорлық дауына байланысты тақтан бас тартты
Көне түркі жауынгерінің қару-жарағы Путинге Жаңа жылға сыйға тартылады
Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллар шығын келтіреді
Последние статьи автора