TikTok қолданушысы енесі Жаңа жылға орай жіберген құттықтау хатты оқып, қатты ашуланған. Бұл жайттың видеосы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп жазады lenta.ru.
 
TikTok қолданушысы енесінің жазған хатын көптің назарына ұсынып, жұрттан кеңес сұрады. Хатта енесі келініне қанша қаражат беріп көмектескенін тәптіштеп жазып шыққан екен.
 
 "Рождество құтты болсын, сендердің интернеттеріңе 112 доллар, электрге 585 доллар төледім, 697 долларды қолдарыңа ұстаттым. Рождество құтты болсын!", - деп жазған құттықтау хатында енесі.
 
 
"Бізге сыйлық ала алмайтындығын мойындай салудың орнына биыл бізге көп көмектескенін айтқысы келіп, құттықтау хат жолдады", - деп ашуға мінді келіні.
 
Келіншек күйеуі де, өзі де COVID-19 пандемиясының салдарынан жұмыссыз қалғанын атап өтіп, енесінің көмегіне жүгінгенін алға тартқан.
 
Десе де, ол бұлай жақсылық жасағанын қайта-қайта еске салу дұрыс емес екенін айтып, ренішін білдірді.
 
Келіннің жазбасы 119 мыңнан астам лайк жинап, төрт мыңнан астам адам пікір қалдырған.
 
"Бұл жаңажылдық құттықтаудан гөрі, төлем шотына көбірек ұқсайды", "Кейін бұлдайтын болса, несіне жақсылық жасады", - деп енесінің әрекетін сынға алды пікір қалдырушылар. Дегенмен енесін жақтағандар да табылды. "Ең алдымен не себепті енесі олар үшін төлеп жүр деген сұрақ туындайды", "Өзіңізді түзеңіз, енеңіз сізді қолдап жүр, ал сіз болса одан тағы сыйлық дәметіп отырсыз", - деп жазған өзге желі қолданушылары.