Әндіжан облысының Қожаабад ауданындағы хайуанаттар бағының қызметкері аюдың шабуылынан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Inbusiness.kz тілшісі облыстық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Оқиға 3 қаңтар күні сағат 16.00-де болды.
Хайуанаттар бағының қызметкері А. Г. аюды тамақтандыру үшін қоршауға кірді. Ақ аю оған тап беріп, мойнын тістеп алған. Ауыр жарақаттардан ер адам сол жерде жан тапсырды.
Қожаабад ауданының ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
2018 жылдың желтоқсанында сол хайуанаттар бағында күзетші екі арыстанның шабуылының құрбаны болды. Ол кезде хайуанаттар бағы әлі ресми түрде ашылмаған еді.