Англиядағы Нортамберланд түрмесінде жатқан екі еркек тырдай жалаңаш еңбектеп, иттерше төбелесті деп жазады Life.ru.
Видеоданы көріп, адам емес, ит төбелес дерсің. Ересек екі адамның мойнына қарғыбау тағылған. Ал кадр сыртында тұрғандар оларды бір-біріне айтақтатып, келеке етіп күліп жүр. Екеуі құдды иттерше әрекет етіп, мойындарын қара қан қылған.
Олар есірткі қолданған болуы әбден мүмкін. Түрмеге есірткіні қалай алып кіргендері белгісіз. Сондай-ақ олардың смартфон қолдануына да тыйым салынған.
Видео полицейлердің де қолына түсті. Олар тергеу амалдарын бастап кетті.