Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын жаңа жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жер сілкінісі сондай-ақ, Дамаск, Латакия және Сирияның басқа да бірқатар провинциясында сезілді.
Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды.
Реджеп Тайип Эрдоған Анкараның әлемнің 45 мемлекетінен көмек көрсету жөнінде ұсыныс түкенін мәлім етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты. Сондай-ақ ол Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.