Түркияның 10 провинциясында 3 айға төтенше жағдай режимі енгізілді

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жойқын зілзаладан зардап шеккен 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай режимін енгізгенін жариялады

Түркия басшысы соңғы мәлімет бойынша, Түркияда жер сілкінісінің құрбаны 3 549 адам болғанын, 22 168 адам жарақат алғанын айтты. Үйінділер астынан сегіз мыңнан астам адам құтқарылған. «Біз Түркия тарихындағы ғана емес, тұтас аймақ пен әлемдегі ең үлкен апаттардың біріне тап болдық. Апат аймағында жұмыс істеу үшін барлық мемлекеттік құрылымдар, қызметкерлер мен техникалар жұмылдырылды. Бірінші кезеңде апат аймағының тұрғындарына шұғыл көмек көрсетуге 100 млрд лира бөлінді», - деді Р. Ердоған. Зілзала аймағына 54 мың шатыр, 102 мың кереует, бастапқы қажетті заттар, 1000-ға жуық жедел жәрдем вагондары, екі санитарлық ұшақ жіберілді. Он провинцияның тұрғындарына 5 мың медициналық қызметкер көмектесіп жатыр. Ердоғанның айтуынша, апат аймағында 53 317 құтқарушы жұмылдырылды. Олардың саны Түркия мен басқа елдердің командаларының арқасында күн санап артып келеді. Сондай-ақ, Түркия президенті алапат жер сілкінісінің салдарын жоюда ынтымақтастыққа шақырды. «Біз жалған ақпарат пен фейк арқылы қоғамға алауыздық тарату әрекеттерін көріп отырмыз. Барлығы үшін уақыты келгенде жауап аламыз», - деді Р. Ердоған. Сонымен бірге, президент Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдай салдарын болдырмау және жою басқармасының (AFAD) банктік шоттарына түрік лиралары мен шетел валютасындағы қаражат аударылғаны үшін комиссия алынып тасталғанын айтты.

ktk.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста