Түркиялық мейірбикелер Деулет Низам мен Газел Чалышканның әрекеті жұртты сүйсінтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Екеуі Газиантеп қаласында жер сілкінісі басталған кезде ауруханада жұмыста болған екен.
Қос медбике өз өмірлеріне қатер төнсе де, бірінші кезекте нәрестелерді қорғауға асыққан.
Сөйтіп, шақалақтар жатқан кереуеттерді дүмпу басылғанша ұстап тұрған.
Бұл бейнекадрды Ensonhaber порталы жариялады.