Түркияның Адана қаласында 4,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Адананың Аладағ ауданында Түркия уақытымен таңғы сағат 9:20-да 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі шамамен 13 шақырымға жетті. Мамандардың хабарлауынша жағымсыз жағдай тіркелген жоқ.
Айта кетейік бүгінге дейін 11 мыңнан астам кейінгі дүмпу тіркелген.