Түркияда қонақ үйдің мәжіліс залының төбесі опырылып құлап, 30-дан астам адам жараланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Оқиға елдің шығысындағы Сарыкамыш қаласында болған.
Оқыс жағдай кезінде мұнда деректі фильм көрсетіліп жатқан. Осы сәтте залда 150-ге жуық адам отырыпты.
Медициналық көмекке жүгінгендердің тоғызы қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
Ал оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.