Арменияның Flyone Armenia әуе компаниясы жабық әуе кеңістігіне байланысты Түркия арқылы Еуропаға ұша алмайтын болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Әуе тасымалдаушысының директорлар кеңесінің басшысы Арам Ананян мұндай шешім «ешбір көрінеу негізсіз» қабылданғанын айтты.
«Бізге белгісіз себептермен және ешбір себепсіз түрік авиация билігі алдын ала ескертусіз Flyone Арменияға Түркия әуе кеңістігі арқылы Еуропаға ұшуларды орындауға бұрын берілген рұқсаттын жойды. Әуе компаниясы мен жолаушыларымыз жағымсыз жағдайға тап болды», – деді Ананян ТАСС порталына.
Әуе компаниясының басшысы Flyone Armenia компаниясының тоқтатылған рейстердің жолаушыларымен жұмыс істеп жатқанын және жағдайдың өрбуі туралы жақын арада хабарлайтынын атап өтті.
Әзірге түрік тарапынан ешқандай түсініктеме немесе анықтаулар алынған жоқ.