Тұтынушының айтқаны заң әрі әркез дұрыс деген тұжырымға қарамастан, жезөкшелердің де өзіндік қатып қалған қағидалары бар. Түнгі көбелектердің өз заңдылықтарын ұстануына қыруар қаражат та кедергі болмаса керек деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Америкадағы Невада штатының тұрғыны Дестени осымен сегіз жыл бойына жезөкшелік салада жұмыс істеп келе жатыр. Оның айтуынша, демалыссыз қызмет ететін түнгі көбелектер атқарылған міндеттері үшін үнемі қомақты қаржы алып отырады.
Әркез клиенттерінің көңілінен шығуға тырысатын жезкөшелер қауымының да өзіндік бұзылмайтын ұстанымдары бар болып шықты. Дестени түнгі көбелектердің қатып қалған қағидалары туралы бар шындықты ашты.
"Сегіз жылдық мерзімде мен ешқашан өз клиентіммен сүйіскен емеспін. Сүйіспеймін де, бұл басты қағида. Барлық түнгі көбелектер бұзбайтын басты ұстаным осы. Ер адамның қагша жерден әдемі болуына қарамастан жыныстық қатынас тек қана кезекті жұмыс ретінде қабылдануы тиіс", - деп астарлық құпиясымен бөлісті Дестени.
Осылайша, өз мәлімдемесімен Дестени барша түнгі көбелектердің бұзуға келмейтін қағидаларын ашып айтты.