Ташкентте мектеп оқушысын тал түсте зорламақ болған ер адам алдағы он жылын түрмеде өткізеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап жазды.
Басылым мәліметінше, Мирабад аудандық соты Самарқанд облысының 26 жастағы тұрғынына шешім шығарған.
Ол биыл сәуірде Ташкентте мектеп оқушысына шабуыл жасап, оны зорламақ болған.
Ер адам қызға жүгіріп барып, бетінен сүйіп, құшақтай бастаған. Бірақ мектеп оқушысы қарсыласқаннан кейін оны босатып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Шабуылдаушыға 18 жасқа толмаған адамды зорламақ болды деген айып тағылды.
Ол жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz