Түркияда президент сайлауы басталды. Мемлекет басшысы болуға үш үміткер таласуда. Оның бірі - қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған.
Түркия азаматтары үш кандидаттың біріне дауыс бере алады:
Елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған;
Алты оппозициялық партияның коалиция кандидаты және Республикалық халық партиясының төрағасы Кемал Кылычдароғлу;
"Ататүрікшілер альянсынан" үміткер Синан Оган.
Төртінші үміткер Мухаррем Инже сайлауға үш күн қалғанда президенттік сайлаудан шығып қалды. Инс президенттік жарыстан бас тарту себебін оған әртүрлі арандатушылық пен жалған ақпарат түріндегі шамадан тыс қысым деп атады.
Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткен жағдайда бұл оның үшінші рет президенттікке сайлануы болмақ. Ол алғаш рет мемлекет басшысы лауазымына 2014 жылдың тамызында келді. 2018 жылы 24 маусымда елімізде өткен президенттік сайлауда ол 52,59 пайыз дауыс жинап, осы лауазымға қайта сайланды.
Сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін мемлекет басшысы лауазымына үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Әйтпесе, сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған біріншісінде ең көп қолдау тапқан екі үміткер қатысады.