Таяуда Саудия мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынас қалпына келгені туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Таяу Шығыс аймағындағы бір-бірімен текетірес екі алып державаның бұл қадамы әлемдік геосаясатта елеулі оқиға болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі ISNA ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Іле-шала Бахрейн де Иранмен арадағы дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру бойынша шиғалар елімен келіссөздер бастады.
Сәл шегініс: 2016 жылдың қаңтар айында Саудия билігі 47 адамды өлім жазасына кесіп, үкімді жүзеге асырған болатын. Өлім жазасына кесілгендер арасында «терроризм» бойынша айыпталған шиғалық дін қайраткері Нимра әл-Нимра да бар болатын. Осы актіден кейін Иран мен Саудия арасындағы дипломатиялық қатынас үзілген еді. Саудияны қолдаған Парсы шығанағы елдерінің көбісі Иранмен арадағы дипломатиялық қатынасты үзді. Солардың арасында Бахрейн де болды.