Шілде - жер бетінде соңғы 120 мың жылдағы ең ыстық ай болды

Шілде  - жер бетінде соңғы 120 мың жылдағы ең ыстық ай болды

Биылғы жылдың шілдесі  - жер бетіндегі соңғы 120 мың жылдағы ең ыстық ай болып тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Аптап ыстық көптеген елді әбігерге салды.

 

Испанияда көлеңкенің өзіндегі ауа-температурасы қырық градустан асты.

 

Ал АҚШ-тың үй-күйсіз жүрген адамдары биліктен көмек сұрап, әлек. АҚШ-тың Аризона штатында күн май еритіндей күйіп тұр. Шыжығаны сонша, жан шыдатпайды.

 

Әсіресе үй-күйі жоқ аздамдар қатты қиналып жатыр. Өйткені паналайтын орын болмай, күн астында қалуға мәжбүр.

 

Айтуларынша, қол ұшын созатын биліктен қайыр болмай тұр.

 

ДЖЕССИКА БЕРГ, жалдамалы пәтер иесі:

 

 - Сыртқа шықсаң, терің сыпырылып түскендей күй кешесің. Өте ыстық. Күйік шалып ауруханаға түсіп жатқан азаматтар бар. Жұрт аптаптан қалай қорғанарын білмейді. Ешқандай көмек жоқ. 

 

Ғалымдардың айтуынша, 2023 жылдың шілдесі адамзат тарихындағы ең ыстық ай болып отыр.  Бұған аптаптан ажал құшқан адамдардың саны дәлел.

 

Тек өткен жылдың өзінде Еуропада 20 мыңнан астам көз жұмған. Жағдайды реттеуге дамыған мемлекеттердің өзі дәрменсіз.

 

КАРСТЕН ХАУСТЕЙН, ғалым:

 

- Былтыр тіркелген аптап ыстықта адамдар ажалмен арпалысқандай болды. Тек Ұлыбританияда 3 мың адам көз жұмды. Бір өкініштісі, елдің әлеуеті қаншалықты зор болғанымен бұған ешкім араша түсе алмады. 

 

Ғалымдардың айтуынша, жыл өткен сайын асқынып жатқан аптап 2060 жылға қарай нормаға айналады.

 

Сондықтан қазірден бастап ми қайнатар ыстыққа болу керек дейді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста