Романовтар әулетінің өліміне қатысты РФ тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады

 Ресей империясын 300 жылдай билеген Романовтар әулетінің өліміне қатысты Ресейдің тергеу комитеті қайта қылмыстық іс қозғады. Оның аясында патша екінші Николай мен оның әйелі Александра Федоровнаның мүрделеріне эксгумация жасалып отыр.

Эксгумацияның мақсаты - 2007 жылы Екатеринбургте табылған адам сүйектерінің патша тұқымы Алексей мен Марияға тиесілі екеніне көз жеткізу. Өйткені, олардың мүрделерін большевиктер өзге туыстарынан бөлек, жасырын түрде жерлеген.

РФ тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин хабарлағандай, Ресей императорлық үйінің өкілдерін және оларға жақын адамдарды большевиктердің қырып салуына байланысты қазір қылмыстық іс қайта қозғалып отыр.

Қылмыстық іс патша әулетіне қатысты барлық шындықты анықтап, тарихтың ақтаңдақтарын тың деректермен толықтырады дейді императорлық үйдің адвокаты Герман Лукьянов. Сондай-ақ, эксгумация арқылы Санкт-Петерборда жатқан мүрденің расымен де екінші Николайға тиесілі екеніне тағы бір рет көз жеткізу көзделген.

Айта кетейік, патша әулетінің өліміне қатысты ең бірінші қылмыстық іс 1993 жылы Екатеринбургте жаппай жерленген сүйектер табылғаннан кейін қозғалған болатын. Мүрделерді зерттеу барысында олардың 1918 жылы 17 шілдеде атылған екінші Николай патшаға, оның әйелі Александра Федоровнаға, қыздары Ольга, Татьяна және Анастасия Романоваларға тиесілі екені анықталды. Сондай-ақ, осы қабірден патша отбасына қызмет еткен тағы төрт адамның сүйегі шықты.

1998 жылы бұл өлімге жауапты адамдардың түгел қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған болатын. Ал, патша әулетінің сүйектері Санкт-Петербордағы Петропавл шіркеуіне қайта жерленген еді.

Мұнан кейін 2007 жылдың 29 шілдесінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде патша әулетінің қабірі табылған жерден оңтүстікке қарай тағы бір екі адамның сүйегі анықталды. Олар тақ мұрагері Алексей мен оның қарындасы Марияға тиесілі деген болжам айтылған болатын. 2011 жылға дейін жүргізілген зерттеу жұмыстары бұл болжамды растады. Дегенмен, осы жылдың шілде айында Ресейдің православтық шіркеуі аталған екі мүрдені қайта тексеруге өтінім бергеннен кейін, қылмыстық іс басынан қозғалып отыр.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста