Ресейлік Су-27 Қара теңіз үстінде америкалық ұшқышсыз ұшақпен соқтығысты

Ресейдің Су-27 жойғыш ұшағы Қара теңіз үстінде АҚШ Әуе күштерінің ұшқышсыз басқарылатын ұшағымен соқтығысып, нәтижесінде дрон зақымданды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап жазды.

Бұл туралы АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығы (EUCOM) мәлімдеді.

 

Оқиға сейсенбіде, 14 наурызда болған. MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшағы Қара теңіз халықаралық сулары үстінде екі Су-27 жойғыш ұшағымен қатар ұшқан, сол кезде ресейлік ұшақтардың бірі "ұшқышсыз ұшақтың алдына әдейі ұшқан", содан кейін истребительдердің бірі ұшқышсыз ұшақтың құйрығына орнатылған Reaper пропеллеріне зақым келтірген. Ресей Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшақ Қара теңізге өзінің маневрі салдарынан құлады, ресейлік жойғыш ұшақтар онымен байланыста болмады деп мәлімдеді.

 

"Сағат 09:30 шамасында жылдам маневр жасау нәтижесінде MQ-9 ұшқышсыз ұшағы бақылаудан айырылып, су беткейіне соқтығысты. Ресей жойғыштары борт қаруын қолданбаған, олар ұшқышсыз ұшатын аппаратпен жанаспай, аэродромға аман-есен оралды", - делінген ведомствоның телеграм-арнасында.

 

Ресей мен америкалық ұшақтар Ресей Украинаға басып кіргеннен бері Қара теңіз үстінде ұшады, бірақ бұл өршуі мүмкін бірінші оқиға, дейді арна.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста